astana-view

Бизнес бұрынырақта салынған тыйымға қарамастан өз қызметін қайта жандандыра алады

2017 жылғы 14 Қараша
3271 просмотров

Кәсіпкерлер 6 айға салынған тыйымға қарамастан 10 тәулік ішінде қызметін қайта бастай алады

13 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының «Атамекен» ҚР ҰКП талабымен өткізілген  отырысында  депутаттар бірауыздан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ең түйткілді баптары бойынша рұқсат/лицензия әрекеттерін қайта жаңарту мүмкіндігіне қатысты норманы мақұлдады.

Еске салсақ, қазіргі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жалпы бөліміне сәйкес құқық бұзғаны үшін қызметін немесе рұқсатын 6 айға дейін тоқтату түрінде жаза қолдануға болады.

Осыған байланысты бүгінде кәсіпкерлердің жұмысы тоқтатылып, бюджетке салық төленбейді, жұмыс орындары жабылады, осылайша мемлекеттік органдар берген ескертулердің барлығын түзеткеніне қарамастан бизнес өте үлкен шығынға ұшырап келеді.

Алайда, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлері берген ұсыныстың нәтижесінде, бизнес 6 айға салынған тыйымға қарамастан, 10 тәулік ішінде кәсіпкерлік қызметін жүргізуді қайта бастай алады.

Бұл ұсыныс көптеген кәсіпкерлердің құқығын мен мүддесін қорғауға бағытталған, еліміздегі бизнестің ахуалын айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер