astana-view

«Ұлы дала елі» шатырлы брендін иелену байқауындағы интернет-дауыс берудің нәтижесі

2017 жылғы 20 Қараша
3328 просмотров

Жалпыұлттық дауыс беруге 7 үздік компания ұсынылды

Осы жылдың 9 қарашасында «Ұлы дала елі» шатырлы брендін иелену байқауының қорытынды кезеңі басталған. Бұл кезеңде еліміздің әрбір тұрғыны қазылар алқасының мүшесіне айналып, отандық үздік экспорттайтын кәсіпорындарға дауыс берді.

19 қарашада сағат 00-00-де «Ұлы дала елі «Ұлы дала елі» шатырлы брендін иелену байқауының қорытынды кезеңі аяқталды. Дауыс беруге 16 756 адам қатысты.

Байқауға қатысқан 19 компанияның арасынан іріктеліп, жалпыұлттық дауыс беруге 7 үздік компания шығарылды.

Интернет-дауыс берудің қорытындысы:

  1.  «MKS Logistics» ЖШС, Маңғыстау облысы – 6, 295 дауыс (37, 6%)
  2.  «Қазфосфат» ЖШС, Жамбыл облысы – 6, 119 дауыс (36, 5%)
  3. «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, Ақтөбе облысы – 2, 493 дауыс (14, 9%)
  4. «Тараз металлургия зауыты», Жамбыл облысы – 616 дауыс (3, 7%)
  5. «Рыбпром» ЖШС, Алматы облысы – 431 дауыс (2, 6%)
  6. «Агрофирма TNK» ЖШС, Ақмола облысы – 565 дауыс (3, 4%)
  7. «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, Алматы қ. – 237 дауыс (1, 4%)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер