astana-view

Қазақстандық шенеуніктерді қызметтегі салғырттығы үшін қатаң жазалау керек

2017 жылғы 22 Қараша
5373 просмотров

Зардап шеккен кәсіпкерлер мен жазаланған өкілетті қызметкерлер саны арасында теңгерімсіздікті жою үшін нақты шаралар қажет

 23 қараша күні ҚР Бас Прокуратурасында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты  Бизнесті қорғау бойынша ІІ форум өтеді. 

Форумға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов, Қазақстан Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша уәкілетті Болат Палымбетов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрам Пшембаев, ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов қатысады. 

Басты талқылау 2016 жылдың шілдесінде өткен І форумда бекітілген Бизнесті қорғай бойынша «Жол картасын» жүзеге асыру жөнінде болмақ. Картада көрсетілген 114 бөлімнен тұратын жоспардағы қандай шаралар орындалды, қандай шаралар шешілмеген, атқарылған жұмыс кәсіпкерлерге әсерін тигізді ме, сонымен қатар форумда елдегі бизнес ахуалын жақсартудағы келешектегі жоспарлар мен міндеттері легі қаралады.

Шара барысында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу тақырыбы да қозғалады. Мәселен, өкілетті тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселесі баса назар салуды қажет етеді. Тәжірибе көрсеткендей, шығын келтіру мен  ауыртпалық жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Бизнеске «жағымсыз» әсер келтірген  шенеуніктер өз қателіктері үшін әдетте жауапкершілікке тартылмайды.

2016 жылдыңөзінде өкілетті қызметкерлердің заңсыз жұмысы бойынша 44 920 шағым түскен, осы ретте тәртіптік жауапкершілікке тек 17 шенеунік тартылған,  әкімшілік жауапкершілікке 15 шенді тартылған. 2017 жылдың бірінші жартысында шағымдар саны 18 077 бірлікті құрады, онің ішінде тәртіптік жауапкершілікке – 6, әкімшілік жауапкершілікке 20 мемлекеттік қызметкер тартылған.

 Биыл Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Ұлттық экономика министрілігі және мемлекеттік органдарымен бизнесті қайта реттеу және оның шығындарын азайту бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

 Соның нәтижесінде ішінара тексерулер алынып тасталып, тексерулердің басым бөлігі алдын ала бақылаумен алмастырылды. Мемлекетік бақылау функциялары 30%-ға дейін қысқартылды (544 тексерудің 165 тексеруді қысқарту ұсынылды) және тексеру мерзімдері 50%-ға қысқарды (30 жұмыс күннен 15 жұмыс күніне дейін).

 Осы ретте аталған шаралар мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқартудың және тексерішңлер санын азайтудың  басы болып қана саналады. Статистика көрсеткендей, кейбір органдарда бақылау салмағының жоғарылығы байқалды. Мемлекеттік бақылаудың бүкіл жүйесі тәуекелдерді басқару жүйесі айналасына бағытталған.

 Анықтама үшін:

2016 жылы барлығы  101109 тексеру жүргізілді,

- 38% тексеруді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органы;

- 23% салық органы;

- 10% өртке қарсы қызмет;

- 6% еңбек инспекциясы органдары;

- 5% жер ресурстарын басқару органы; 

- 3% қоршаған ортаны қорғау органымен жасалған.  

Жекелеген мемлекеттік органдар өздерінің ведомстволық ұйымдары – түрлі РГП, АҚ, ЖШС, институттары арқылы, оларға мониторинг, зерттеу, талдау жүргізу бойынша функцияны беріп қойып, бақылауды жүргізетінін тәжірибе көрсетіп отыр.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметі басталғалы бері 570 жүйелік мәселлер анықталды, оның ішінде 362 мәселе шешім тауып, 58 шешілу деігейінде болса, қалған 150 органдармен талқылануда. Мәселенің басым көпшілігі құрылыс пен сәулет саласында анықталды – 53 немесе 10,3%, көлік және логистикада – 51 немесе 10%, медицина мен фармацевтикада – 40 немесе 8%. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер