astana-view

Бақылау мекемелерінің мағынасыз талаптары қысқартылуда

2017 жылғы 23 Қараша
2577 просмотров

Аталған мәселе бизнесті қорғау бойынша II Форумда айтылды

«Құқық қорғау органдары көбіне негізсіз іс қозғайды. Қалай қинайды, қалай қысым жасайтынына байланысты мысалдар келтірілді. Бүгінгі мақсат мәселелер шешімін таптыма, қандай нәтижелерге жеттік деген сұрақтарға жауап іздейміз. Бір жарым жыл бұрын дәл осындай отырыс ұйымдастырып, болашаққа бағдар жасаған болатынбыз. Жылына бір рет осындай жиындар ұйымдастыру бекітілді. Прокуратураның жұмысын тиімді жағына жақсарту, әкімшілік кедергілерді реттеу басты мақсат болған еді. Прокурорлардың тарапынан саны бітпейтін тексерістер жасау кәсіпкерлерге жұмыс жасауға мұрша бермейтіндігі айтылған болатын. Бірінші Форумнан соң «Жол картасы» бекітіліп, алға қойылды. Бүгінгі күні қандай нәтижеге қол жеткізендігі жайында сөз қозғалады», – деді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

Өткен жылғы форумның нәтижесінде 5 бағыт пен 114 бөлімі бар «Жол картасы» қабылданды.

«4 кодеске өзгертулер жасалды. Қазіргі таңда Үкіметтің талқылауында 2 заңжоба бар. Артық әкімшілік кедергілер алып тасталды. «Атамекен» ҚР ҰКП, Ұлттық экономика министрлігі және өзге де уәкілетті органдармен нормативтік базаны сараптап, 30 000 талапты жартылай қысқарттық. Екіншісі, мемлекеттік бақылауды қысқарту», – деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахмеджанов.

Бас прокурор орынбасарының айтуынша 61 бақылау органдары өкілеттілігі қажет деңгейден артық.

«Бүгін күні 132 саладағы 540 қадағалау функциясы жайында айтылып отыр. Бақылаушылар армиясы азаюда. Еш қажеті жоқ жерде тексерулер болатыны ашық айтылып отыр. Әкімшілік кедергілерде жақсы түзетулер орын алды. Салық бойынша қазір бірден штраф салу емес, ескерту шаралары ойластырылған. «Жол картасы» нормативтік құқық бұзушылықтарды реттеуге көмек көрсетті. Адводакттардың мүмкіндігін арттырудамыз. Қылмыстық кодексқа 25 өзгеріс енгізілді. Жалған кәсіпорындар бойынша қылмыстық және салықтық кодекста жұмыс жасалуда», – деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахмеджанов.

Марат Ахмеджановтың айтуынша қазіргі таңда жақсы заңдар бекітіліп жатыр. Бастысы адал бәсекелестік пен кәсіпкерліктің рухани тазалығы.

«Бизнесті тексеру бірнеше есе азайды. Бизнес өзі де ашық нарықтық платформа жасауға көмек көрсету тиіс. Ғаламтор мен БАҚ арқылы осы сынды ақпаратты жақсы тарату қажет. Алайда, салық кодексында бизнестің артынан қалмайтын тиімсіз тұстар әлі де бар екендігін айта керкен жөн. Прокуратура тарапынан жұмыс осы қарқынмен жалғасу қажет. «Нұр Отан» партиясы ретінде өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетеміз», – деді «Нұр Отан» партиясының Кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрам Пшембаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер