astana-view

Темір жол саласының шешілмеген мәселелері келесі жылы қаралады

2017 жылғы 29 Қараша
2896 просмотров

Бизнес мемлекеттік органдармен бірге темір жол саласындағы жұмыс нәтижесі мен көлік-логистикалық саласындағы жол картасының жүзеге асырылуын талқылады

29 қарашада «Атамекен» ҚР ҰКП Көлік және тасымалдау комитетіне қарасты темір жол көлігі қосалқы комитеттің қорытынды жиыны өтті.

Отырысқа қосалқы комитеттің төрағасы, Қазақстан ұлттық экспедиторлар қауымдастығы мен Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторлары қауымдастығының бас директоры Илья Сегал жетекшілік етті. Сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау комитеті төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко, «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Рустан Женалиев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Павлов, қосалқы комитет мүшелері, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қосалқы комитет төрағасы Илья Сегал 2017 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысы мен жедел шешілуі керек мәселелерді айтты. Түткілді жайттардың қатарында экспедиторлық компаниялар мен тасымалдаушылардың арасында типтік жария келісімшарты, Салық ҚҚС есепке алу әдісімен төленетін импорталатын тауарлардың тізімінде 206 және 207 позицияларды сақтау (платформа мен жартылай вагондар), сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органдарымен өзара іс-қимыл тәртібін бекіту мәселелері бар.

1. ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне типтік келісімшартты дайындау бойынша уақытша жұмыс тобын құруды жеделдету және алғашқы отырыстың күнін белгілеу;

2. Салық қосымша құн салығына есепке алу әдісімен төленетіні вагондарды жалға алу қызметінің бағасын арттыруға итермелейтіндіктен, Импортталатын тауарлар тізімінен фитингті платформа мен жартылай вагондарды алып тастау;

3. Темір жол көлігі жұмысының ерекшелігіне және бизнеске кеден органдарымен ашық та түсінікті өзара байланыс орнатуына орай ҚР ИДМ мен ҚР ҚМ көліктің басқа түріне таралуынсыз, темір жол көлігімен тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу кезінде ҚР темір жол көлігі саласында ҚР темір жол органдарының ұлттық темір жол компанияларымен өзара іс-қимыл ережесін дайындаған бірлескен бұйрығын жедел түрде бекіту.

ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов атқарылып жатқан жұмыс жайында баяндады:

«Көлік комитеті тасымалдаушы мен жүк тасымалдауды ұйымдастыратын экспедитор арасында типтік келісімшартты дайындау және бекіту бөлігінде уәкілетті органның құзыретін қарастыратын көлік мәселесіне қатысты Заңнамасына түзетулер енгізді.Үкіметтің заңнамалық жұмыс жоспарына сәйкес көлік мәселесіне қатысты заңнама 2018 жылдың 1-тоқсанында қаралады. ҚҚС мәселесі бойынша айтсақ, біз ұзақ талқыладық, вагондардың қосалқысының 60-70% шет елден әкелінеді. Өнеркәсіп комитеті ұсынған шаралар әлі аяқталған жоқ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитеттер деңгейінде талқыланды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментігінің директоры Рустан Женалиев Ұлттық палата Логистика және тасымалдау комитетінің 2017 жылдың 13 қыркүйегінде қабылдаған шешімін, атап айтқанда осы жылдың соңына дейін ҚР ИДМ жанындағы жұмыс тобының аясында типтік келісімшартты дайындауға жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шараға қатысушылар темір жол тасымалындағы тариф бекіту мәселесін де талқылады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Көлік және логистика комитеті төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко темір жол көлігі саласында ауқымды жұмыс атқарылып отырғанын айтты:

«Көптеген мәселені түбегейлі шешу керек. Жан-жақты жұмыс атқарылып, объективті тарифті қалыптастыру үшін жаңа әдіс керек, тасымалдау процесіне қатысушылардың, оның ішінде экспедиторлық компаниялардың жауапкершілігін нақты анықтау қажет».

ҚР ИДМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің өкілі  Әлібек Төлеп Ұлттық экономика министрлігінің тапсырыс бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкі Магистральді темір жол желісінің қызметіне тариф бекітудің жаңа әдістемесін дайындауда, оның жобасын 2018 жылдың соңына дейін әзірлеу жоспарланған.

Бұл мәселеге қатысты Юрий Лавриненко жауап берді:

«Темір жол магистралі желісінің қызметіне тариф бекітудің жаңа әдістемесін қолға алған жақсы. Бірақ тариф бекіту мәселесін жан-жақты қарау керек, себебі, басқа да тариф шығындары бар. Бұл жұмысты Ұлттық тасымалдаушы инфрақұрылымның техникалық мүмкіндіктері назарға ала отырып жүргізуі керек және барлығы да солар белгілеген құнға шамалауы тиіс».

Қосалқы комитет төрағасы іс-шараны қорытындылай келе, тұжырымды ой білдірді:

«Еліміз нарықтық экономикаға өткеніне көп уақыт болды. Бизнес бәсекелік өнім шығаруға ден қойды. Ал басқа қызметтер аутсорсинге жіберілді. Бизнестің барлық қатысушыларының нақты жауапкершілігін анықтауды тлығымен қолдаймын. Тариф ісіне, нормативті-құқықтық базаны жетілдіру жұмысына белсене қатысу керек».

Жиын қатысушылары шешілмеген мәселелер әлі де бар екеніне және бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыру керектігіне тоқталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер