astana-view

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

2017 жылғы 01 Желтоқсан
7258 просмотров

1 желтоқан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Қазақстан халқы мемлекеттік мерекені 2012 жылдан бастап атап өтіледі.

2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «ҚР «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған еді. Осы сәттен бастап тарихи дата мемлекеттік мерекелер қатарына енгізілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін атап өтіп, үлкен жетістіктерін тану мақсатында бекітілген.

Мерекенің дәл осы күнге қойылуының тарихи маңызы зор. 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғашқы бүкілхалықтық сайлаудың нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев президент болып таңдалды. Сайлау барысында 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған.

Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – елімізде кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетіп, экономиканың барлық саласының өркендеуіне көңіл бөліп, мемлекеттің жаңғыруына зор міндет артып отырған Ұлт Көшбасшысы.

Қазақстан Республикасының халқын айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жерімізде тыныштық, елімізде береке шалқып, көк байрағымыз бейбіт аспанда желбіресін!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер