astana-view

Билік пен бизнес арасындағы байланыс заңнаманы жетілдіруде

2017 жылғы 04 Желтоқсан
1473 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Үкіметінің бірлескен жұмысы нəтижесінің көрсеткіші жақсы

4 желтоқсан Елордада «Атамекен» ҚР ҰКП  Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қаланың бизнес-қоғамдастығымен кездесті.
Отырыста «Атамекен» ҚР ҰКП  Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов биылғы жылы жасалған жұмыс бойынша есеп берді. 

«Жалпы 10 бағыт бойынша жұмыс қолға алынған. Палата ең бірінші бизнесті қорғауға назар аударады. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жалпы алғанда 18 мың шағым түскен. Оның ішінде 44%-ы оң шешімін тапты. Егер 2016 жылдың 9 ай көлемі мен 2017 жылдың 9 ай көлемінде жасалған сараптамаға сүйенсек, шағымдардың көлемі орта есеппен 25%-ға қысқарғандығы байқалады», – деді Басқарма төрағасының орынбасары.

Даулы мәселелердің саны ғана емес, шағым жасау саласы бойынша жүйелі жұмыс істелді. Мәселен, салық салу, кеден даулы мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстарының нәтижесінде шағымдардың едәуір бөлігі қысқару үстінде.

«Атамекен» ҚР ҰКП даулы мәселелер реестрін қолға алды. 571 даулы мәселе анықталып, қазіргі уақытта 64%-ы шешілді. Бұл арада ҚР Үкіметті Жаңа салық кодексін дайындау мен енгізуге байланысты жасалған жүйелі жұмысына алғыс айтқымыз келеді. 10 негізгі мәселе бойынша өзгерістерге қол жеткіздік. Шағын және орта кәсіпкерлігіне талап қою мерзімін қысқарту, адалдық, нақтылық және айқындық  негізінде жұмыс жасау қағидаттары, сонымен қатар, ҚҚС шегі мәселелері шешімін тапты», – деді Рустам Жүрсінов. 

Кеден саласы бойынша 6 мәселенің шешімін табу қалды. Кеден одақтарының қауіп-қатер бойынша жүйесін ұйымдастыру, жұмысқа қатысы бар тараптардың барлығына кеден органдарының баға саясатына ашық мүмкіндік ашу сынды мәселелер шешілуі тиіс екендігі отырыс барысында айтып өтілді. 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша жұмыстың алға жылжуына ҚР Үкіметінің қосқан үлесі зор. Өткен жылы алға қойған мақсаттарымыздың бірі бақылау функцияларын қысқарту болды. Қазіргі таңда бақылау іс-әрекеттері 30% қысқарды. Жалған кәсіпкерлікке байланысты ҚР Үкіметімен келісім жасалды. Мемлекеттік сатып алулар маңызды мәселелер алдыңғы қатарында тұрғанын ескеріп, біріңғай ақпараттық жүйе қалыптастыру бойынша жұмыс қолға алынып отыр», – деді  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Қылмыстық заңдарды ізгілендіру бойынша жасалған жұмыстарға тоқталатын болсақ, биылғы жылы жалған кәсіпкерлік бойынша 215-бап модернизацияланды. Кәсіпкер салық төлеуден жалтару бабымен қатар 6 бап бойынша алғаш жасалған заңбұзушылығы болған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жалған кәсіпкерлікті әкімшілендіру мәселесі бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Үкіметі арасында келісім жасалып, жұмыс жасау жалғасын табады. 

 Анықтама үшін: 
Қазіргі таңда Елордада жалпы соммасы 82,1 млрд теңге болатын 20 жобадан құралған пул дайындалды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік келісімі бойынша 6 балабақшамен шартқа отырып, Астана қаласында фото-видео тіркеу бойынша бір жоба жүзеге асуда. Қосымша 13 жоба бойынша тұжырымдама дайындалу үстінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер