astana-view

Туристердің санын қалай есептеу керек?

2017 жылғы 08 Желтоқсан
3719 просмотров

«Атамекенде» туризм статистикасының өзекті мәселелері талқыланды

7 желтоқсанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында туризм статитикасының мәселелеріне арналған ауқымды жиын өтті.

Іс-шара ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың осы жылдың тамыз айында Ақмола облысына жасаған іс-сапары барысында берілген хаттамалық тапсырмасын орындау бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен бірлесіп өткізілді.

Семинар-жиынған мүдделі уәкілетті органдар, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдардың (Астана-ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ», «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ) өкілдері, сондай-ақ туристік қауымдастықтар мен өңірлердегі нарық субъектілері қатысты.

Жиынды Данияр Тоқтарбаев пен Гүлнар Керімханова ашты.

«Статистика комитеті тұрақты түрде халықаралық стандарттарды ескере отырып туризм статистикасын жетілдіру жұмысын атқарып, туризм статистикасын Халықаралық ұсыныстар бойынша ұқрастырады. Бүгінгі семинарды арнайы «Атамекен» алаңында мемлекеттік органдар мен ұйымдар, әкімдіктер мен бизнес-құрылым сынды статистикалық ақпараттың пайдаланушыларды барынша қамту үшін ұйымдастырдық. Жиынға қатысушыларды басшыларына туризм статистикасы жөніндегі ақпаратты толық жеткізуді сұраймын», – деді Гүлнар Керімханова.

Семинар барысында Қазақстанның туризм статистикасы қалай жасалатыны туралы ақпарат берілді. Қызмет және энергетика статистикасы басқармасының басшысы Зифа Якупова туризмнің статистикалық мәліметін қалыптастыру әдіснамасы туралы баяндады. Сондай-ақ пайдаланушылармен кері байланыс пен туризм статистикасының негізгі бағыттары жайлы мағлұмат берді.

«Қазіргі таңда біздің сайттың мәліметтерін пайдаланатып әрі туризм статистикасы бойынша аралық талдамалық дайджестер дайындайтын сараптама сайттары ашылғанын байқап отырмыз, бұл, әрине, қуантады», – деді Зифа Якупова.

Ұлттық есептеу басқармасының басшысы Гүлмира Малдыбаева ҚР туризмінің көмекші есебі қалай дайындалатынын айтты. Туризм саласы көптеген салаларды байланыстырады. Тиісінше туристік статистика мен туризмнің көмекші есебінің көрсеткіштері көптеген салалық органдар мен ведомстволардың көрсеткіштерінен құралады, мысалы Ұлттық банк, ҚР ҰҚБ Шекара қызметі, ҚР АШМ Орман және жануарлар әлемі комитеті, Білім және ғылым министрлігі секілді салалар қамтылады. Көмекші есепті жасау үшін орнаастыру, қоғамдық тамақтану, жолаушы көлігі, көлікті жалға беру қызметі, турагенстволар, брондау, мәдениет, спорт және рекреация  қызметтерінің көрсеткіштері пайдаланылады.

Индустрия комитеті төрағасының орынбасары Дана Құрмашева туристік салаға қосымша Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін қосу керектігін атап өтті. «Біз таяу арада жүзеге асыруымыз керекті міндеттер, Үкімет қойған индикаторларды иегере алмауымыздың бір ғана есебі бар – орналастыру құралдары мен туристік қауымдастықтар көрсеткіштерінің көмегімен ғана нақты дамуға қол жеткізу мүмкін емес. Бізге туризмнің көмекші есебін қалыптастыруға қолданатын ішкі салаларды ескеру керек».

Жиын барысында «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК АҚ «ЭКСПО» көрмесіннен мәліметтер берді. Ернұр Кенжебеков көрменің коммерциялық тиімділігі мен нысандарды пост-көрмелік пайдалану бағдарламасы мен «ЭКСПО» көрмесінің Қазақстан туристік бизнесі үшін мұралық мұмкіндіктері жайлы баяндады.

Талқылау барысында туристік нарық алаңдаушылық танытып отырған статистикалық есептің өзекті мәселелер айтылды.

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов жеке туристерді есепке алу қажеттілігі жайлы ой бөлісті. Мысалы аң шаруашылығы қызметін пайдаланушао Ақмола облысында өте көп. «Егер осы адамдардың барлығын санайтын болсақ, туризмдегі көрсеткіш көбейеді», - деп атап өтті Қайрат Сұлтанов.

Сонымен қатар балаларды сауықтыру орындары ұйымдарының сауалдарын зерделеу барысында қолданушылар жергілікті атқарушы органдардың балалар лагерлерінің саны бойынша берген мәліметтері орлатық мемлекеттік органның мәліметінен өзгеше екенін айтты. Нәтижесінде жазғы маусымдағы балалар лагерлерінің әлеуетті өтімділігін бағалау мүмкіндігі жоқ.

Статистик комитетінің сайтындағы ең үлкен олқылықтың бірі – көп жағдайда қажетті ақпарат бола тұра, қолданушылар оны оны түсіндіре алмайды немесе таба алмайды.

Семинар қорытындысы бойынша статистикға қатысты мәселелер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданып, Статистика комитетімен бірлесіп ақпараттың материал дайындау келісілді. Аталған жоба «100 сұрақ – 100 жауап» типінде құрастырылып, ақпараттық ресрустарда орналастырылу қарастырылады.

Сонымен қатар туризм статистикасындағы мәселелер мен қажетті құралдарды зерделеу бойынша фокс-топ құру мүмкіндігін қарастыру шешімі қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер