astana-view

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек нысандарына тіркеу компаниясының қорытындысы қаралды

2017 жылғы 15 Желтоқсан
3414 просмотров

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалында өңірлік комиссияның бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тұрғындарды тіркеу кампаниясын өткізу қорытындысына арналған бірінші отырысы өтті.

Объективтілік пен ашықтық үшін комиссия құрамына жергілікті атқарушы органнан Денсаулық сақтау басқармасының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктер, денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдері қатысты. Қатысушылар қатарында Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Мейірлан Құсайынов та болды.

Комиссия бастапқы медициналық-санитарлық көмек нысандарына тіркеу компаниясының қорытындысын талқылады.

Талқылаудан кейін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызметтерді сатып алу келісімшартын жасауға жіберілген денсаулық сақтаудың бастапқы медициналық-санитарлық көмек субъектілерінің тізімі анықталды.

Алдағы уақытта денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер базасына енгізілген және кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау нысандары арасында медициналық қызмет көлемін іріктеуге және орналастыру жөніндегі комиссия отырысын өткізу жоспарланды.

Денсаулық сақтау субъектілерінің арасында медициналық қызмет көлемін таңдау және орналастыру үшін «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік өоғам жыл сайын республикалық және өңірлік комиссия құрады.

Комиссия кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау нысандары арасында медициналық қызмет көлемін іріктеуге және орналастыру жөніндегі өз жұмысында және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Конституцияны, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті, ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңды, ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген кепілдендірілген  тегін медициналық көмек көлемінің тізімін, ҚР денсаулық сақтау саласындағы басқа да нормативті құқықтық актілерді, Қорды аппелияциялық комиссиясының кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қызметтерді сатып алу ұсыныстарын басшылыққа алады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болады, оның құрамын Қор Басқармасы құрады.

Комиссия мүшелері жұмыс басталар алдында кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында денсаулық сақтау субъектілері арасынада медициналық қызмет көлемін таңдау мен орналастыру жөніндегі міндеттемеге қол қояды. дауыс бергенде Комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие.

Дауыс беру ашық өтеді. Жасырын дауыс беру, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің өз лауазымдық қызметін басқа мүшелермен бөлуге жол берілмейді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында денсаулық сақтау субъектілері арасынада медициналық қызмет көлемін таңдау мен орналастыруды өткізуде Комиссияның кез келген әрекеті мен әрекетсіздігі Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасымен қаралады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер