astana-view

Алматы облысының үздік кәсіпкерлері марапатталды

2017 жылғы 23 Желтоқсан
- Жетісу облысы
10978 просмотров

Бизнесмендерге медальдар мен алғыс хаттар табысталды

Талдықорғанда «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Өңірлік кеңес мүшелері, мемлекеттік құрылым басшылары мен компаниялардың топ-менеджерлерінің қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне арналған қорытынды жиын өтті.

Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, облыстың әл-ауқатының артуына ауқымды үлес қосқан кәсіпкерлерді марапаттау салтанаты өтті.

Елдос Рамазанов Алматы облысы бизнес пен жергілікті атқарушы органдардың ашық та сындарды байланысы орнаған үлгі боларлық өңір екенін атап өтті.

«Әкімдік тарапынан жергілікті бизнеске қолдау көрсетіліп, инвестиция тартуға тамаша мүмкіндіктер жасалып жатқанын атап өту керек. Сонымен қатар бизнес мәселесін шешуде, облыстағы жаңа бағыттарды жоспарлап, жүзеге асыруға тиімді алаң болып отырған Өңірлік кеңестің де маңызы зор», - деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Басқарма Төрағасының орынбасары облыс басшылығына кәсіпкерлікті дамытуға қолдау білдіргені үшін алғыс білдіре отырып, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Ісіне адалдығы үшін» ІІ дәрежелі медалін табыстады.

Экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамытудағы айрықша еңбегі үшін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалімен Өңірлік кеңес мүшесі, «Кассанжар» ЖШС бас директоры Жанатбек Сарғалдақов марапатталды.

Кездесу барысында бірқатар қала мен аудан әкімдерінің есімі аталып, жемісті еңбек етіп, тығыз байланыс орнатқаны үшін «Атамекен» ҚР ҰКП атынан алғыс хат табысталды. Олардың қатарында Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев, Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков және Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигельдиев бар.

Мұнымен қоса кәсіпкерлерге облыс әкімі, облыстық Іскер әйелдер кеңесі, Өңірлік кеңес және мемлекеттік кірістер департаментінің атынан алғыс хат берілді. 

Марапат иелерінің қатарында «Геодезия сервис» ЖШС бас директоры, Алматы облысының жобалық, жобалық-зерттеу ұйымдары қауымдастығының төрағасы Александр Аникин, «ABM group» ЖШС басқарма төрағасы Азамат Молдақасымов, «Ернар» шаруа қожалығының басқарушы директоры Тасқын Жапарқұл, «МаксДорсройСервис-21» ЖШС директоры Александр Скоропадский, «Негал БВ» ЖШС құрылтайшысы Фатих Ұзыноғлы, «Джей Ти Ай Казахстан» ЖШС директоры Евгений Никольский және тағы басқалары да бар.

Сонымен қатар ҚР Президентінің «Алтын сапа» сылығын иелену байқауының жеңімпаздары мен лауреаттары, «Іскер» арнайы сыйлығының иегерлері, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған «Парыз» байқауының және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздарына да қошемет көрсетілді.

«Алматы облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Жыл қорытындысы бойынша өндірістік өнеркәсіп өнімі 750 млрд теңгеге жуықтады. 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. өңірдегі кәсіпкерлердің қоған үлесі аса зор, сондықтан сіздерге алғыс білдіремін », - деп атап өтті облыс әкімі Амандық Баталов.

Ұлттық палата басқарма Төрағасының орынбасары кездесуді қорытындылай келе, кәсіпкерлердің атқарып жатқан қуыруар еңбегіне алғыс айтып, жаңа жылда биік белестер мен жемісті жетістікке жетулеріне тілек білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер