astana-view

2018 жылы кәсіпкерлерді кім және қашан тексереді

2018 жылғы 02 Қаңтар
11090 просмотров

2018 жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік органдардың кестесіне сәйкес 30 мың бизнес субъектілері тексерілетін болады.

ҚР Бас прокуратурасы ресми сайтында ерекше ретпен жүргізілетін бекітілген тексерістер кестесі жарияланды. Әрбір кәсіпкер «Тексерістер жүргізу кестесі» қосымша парағында оны тексеріске алатын не алмайтындығын көре алады.

ҚР Бас прокуратурасының Арнайы есептер және құқық статистикасы комитетінің мәліметіне сәйкес комитет жұмысының нәтижесінде кестеден 1179 негізсіз жасалған тексерістер алынып тасталды. Кесте алты мемлекеттік орган бірлесе дайындады: ҚР Инвестиция және даму министрлігі Индустриалдық дамы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті, ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті, Ұлттық гвардияның Қарулы күштер және Бас басшылықтың Бас әскери-медициналық басқармасы.

Арнайы есептер және құқық статистикасы комитетінің жұмысының нәтижесінде кестеден 1179 негізсіз жасалған тексерістер алынып тасталды.

Ведомстваның айтуынша «кәсіпкерлерге арналған Qamqor» ұялы телефондық қолданбалы бағдарламасы арқылы бақылау жүргізетін мемлекеттік органның заңсыз әрекеттеріне шағым жасау мүмкіндігін алады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер