astana-view

Қазақстанда электрондық экспорт бар ма?

2018 жылғы 16 Қаңтар
9848 просмотров

15 ақпан «Атамекен» алаңында «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің жобасы мен Еуразиялық экономикалық одағының кеден кодексында қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен «Астана-1» ақпараттық жүйесін (экспорт пен кедендік транзит) жүзеге асу барысында пайда болған мәселерді шешу мақсатымен видеоконференция режимінде отырыс өткізілді.  

Отырысқа «Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшілендіру департаменті директоры – басқарушы директоры Дина Мамашева, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Амрин, салалық қауымдастық өкілдері және видеоконференция арқылы өңірлерден бизнес өкілдері қатысты.  

Еске салсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап экспорттың кедендік рәсімдері және кеден транзиті электрондық декларациялауға көшірілді. Алайда, отырыста атап өтілгендей «Астана-1» ақпараттық жүйесінің жұмысындағы мәселелердің негізгі үш себебі бар. Біріншіден, Еуразия экономикалық одағының аясында әрекет ететін кеден декларациясын толтыру бойынша ережелер «Астана-1» ақпараттық жүйесімен сәйкес болмауы. Екіншіден, техникалық мәселелер (байланыс арнасы және т.б); үшіншіден, өзара әрекет ету мен байланыс.

 Күн тәртібі бойынша екі мәселе қарастырылды:

  • «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің жобасы мен Еуразиялық экономикалық одағының кеден кодексында қабылданған нормативтік құқықтық актілері туралы;
  • ИС «Астана-1» (экспорт пен кедендік транзит) жүзеге асу барысында пайда болған экспорттық кедендік рәсімдер мен кедендік транзит мәселері қарастырылды.

«Экспорт бойынша мәселелер баршылық. Мәселен, рәсімдеу қанша уақыт алатыны жайында нақты ақпарат қажет. Себебі 1 минут алатыны жайындағы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді Дина Мамашева.

Госман Амринның айтуынша даулы мәселелердің барлығы Telegram каналда талқыланатындығын айтты.

«Астана-1» жұмысын жетілдіру бойынша шынында шешімін таппаған мәселелер баршылық. Басты мәселелердің барлығына жеке-жеке тоқталып, шешуге дайынбыз. Техникалық сипаттағы мәселелер бар екендігі байқалып, ол не ғаламтор немесе техникалық ақауларға байланысты, не адамдардың кәсіби біліктілігінің жоқтығына байланысты деп ойлаймыз», – деді Госман Амрин.

«Астана-1» ақпараттық жүйесі жобасының жетекшісі Үмітгүл Ғұбашева жүйені қалай қолдануға болатындығын іс жүзінде видеоконференция қатысушыларына көрсетіп отырды.

«Экспорт жұмысын бастағалы бері жүйе бойынша елеулі мәселелер көп болған жоқ. Егер декларацияны толтыруға байланысты cұрақтарға келетін болсақ, негізінен 29-шы бағанды толтыру бойынша туындаған мәселелер болды. Аталған бағанда кеден органның кодын көрсету қажет болатын. Бұл мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселе шешімін тапты. Мәселенің негізіне тоқталсақ, көліктің шекарадағы коды 71 немесе 72 болған жағдайда кеден органнының коды бағанын толтырмауға болады. Нұсқаулыққа сәйкес 29 баған белгілі бір жағдайларда ғана толтырылмайды. Олар: құбыр желісі көлігі арқылы тасымалданатын болса, экспорттық баж салығы төленбеген уақытта. Алайда, түсіндірулер берген уақытта экспорттық баж салығы төленбесе де міндетті түрде толтырылуы керек деген шешімге тоқтадық», – деді Үмітгүл Ғұбашева.

Екінші кезектегі негізгі мәселелер кедендік сәйкестендіру нөміріне байланысты болып табылады.

«Бұл баған өңірдің коды мен кәсіпорынның санатына байланысты міндетті толтырылуы тиіс болып бекітілген. Экспорт жайында айтатын болсақ, 2,9, 14 бағандары толырылады. Сонымен қатар, 12, 45, 43 бағандарын толтыру бойынша түсініспеушіліктер орын алған болатын. Егер, экспорт жайында болса, экспорттық баж салығы төленбеген жағдайда жоғарыта аталған бағандар толтырылмайды. Жағдайда сарапқа салып, нәтижесінде кедендік құн білу қажет болып танылып, төрсетілуі тиіс шешімі қолдау тапты. Нәтижесінде соммалар көрсетілетін болды», –деді Үмітгүл Ғұбашева.

Бұл жағдайға «Атамекен» ҚР ҰКП Кедедік әкімшілендіру департаменті директоры – басқарушы директор Дина Мамашева онсыз күрделі декларация жағдайын қиындата түскендіктері орынсыз екендігін айтты. Басқару директордың айтуынша статистикалық құн көрсетілетін уақытта, кедендік құнды талап етудің еш қажеті жоқ.

«Бұл алғашқы уақыттан бері дұрыс емес. Нұсқаулықтардағы көрсетілген іс-әрекет дұрыс емес. Осыған дейінгі уақытта кедендік және статистикалық құн үнемі бөлек саналатын еді. Біріктіре санау қазір орын алған жағдай. Статистикалық құн бөлек сомма және кейбір жағдайларда кедендік құн расында толтырылмауы тиіс. Ал сіздер барлық жағдайда толтырылуы қажеттігін ұстанасыздар», – деді Дина Мамашева.

Аталған мәселені нұсқаулыққа өзгерістер енгізу аясында талқыға салу мүмкіндігі бар екендігі айтылды. Бизнестің сұрақтары шешілгендігін кәсіпкерлерге дейін жеткізу қажеттігі де аталып өтті.

«Менің түсінуімше, сіздердің даулы мәселелеріңізге байланысты түсіндірмелеріңіз бар. Бизнестің сіздерге байланысты сұрақтары болмауы үшін бізге аталған құжаттарды жолдауларыңызды сұраймыз. Осы арқылы жасалып жатқан жұмысты да көрсетуге болады.», – деді Дина Мамашева.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП 21 нормативтік акт сараптамаға жіберіліп, салалық қауымдастықтар мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы ескертулері мен ұсыныстары ескерілуде. Нормативтік құқықтық акт жобалары Ұлттық палата сайтында орналастырылды.

Отырыс барысында спикер Ұлттық палатаның сараптамасының қорытындысы ретінде екі қаулыны атады:

  • Мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды тұлғалары тауарды кедендік тазартудан өткізу ережелері;
  • Уәкілетті экономикалық оператор мен мемлекеттік кіріс органдары арасындағы өзара әрекет ету ережелері.

Дина Мамашеваның айтуынша кедендік декларациялау бойынша тіркелу мен ұсыныс тастау арасында айырмашылықтың болмауы мүлдем дұрыс еместігін айтты. Себебі тәжірибе жүзінде едәуір айырмашылық байқалады.

Нормативтік құқықтық актілерді талқыға салу арқылы бизнестің ұсыныстары мен ескертулерін назарға алу Ұлттық палатаның бастамасын Госман Амрин қолдады.

Отырыс нәтижесінде келесі отырысқа дейін кедендік декларациялауды толтыру рәсімдерін жеңілдету және салық органдарында, банктерде және тасымалдау жүйесіндегі электрондық декларациялауды қолдау қажеттігі айтылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер