astana-view

«Атамекен» мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жер мәселелерінде өзгерістер болады

2018 жылғы 18 Қаңтар
10152 просмотров

17 қаңтарда «Атамекен» алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың төралқалық етуімен жер мәселелері талқыға салынды. Отырысқа ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөнінде комитет төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина, салалық қауымдастық өкілдері, өңірлердегі бизнес қауымдастық видеоконференц байланыс арқылы қатысты.

«Бүгінгі күні бизнес үшін маңызды жерге байланысты өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолы анықталуы керек», – деді Елдос Рамазанов жиынды ашқан сөзінде.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына артықшылық берілген ережеге байланысты бәсекелестік ортадағы жер-құрылыс жұмыстарын жүргізетін кәсіпкерлерге қатысты. Ұлттық палатаның Құрылыс департаменті директоры Аспена Досмаганова айтуынша кәсіпкерлер корпорациялармен бәсекелесуге мүмкіндігі жетпейді, себебі дайындалған жер-құрылыс жобаларын олармен келісе жасауға тәуелді.

«Тапсырыс берушіге жоғарыда аталған қызметті көрсету үшін кәсіпкер Ауыл шаруашылық министрлігінен жер учаскісінің координаттарын қолдануға рұқсат алуы қажет. Одан соң шекараларды жер кадастрының ақпараттық базысымен келісу керек. Корпорация ақпараттық базаны дайындайтын болғандықтан ешкіммен келісім жасаудың қажеті болмай, кәсіпкердің тікелей бәсекелесіне айналады», – деді Аспена Досмаганова.

Гүлжахан Бимендина айтуынша келісім арқылы жұмыс жасауды алып тастауға болмайды, себебі нәтижесінде жерге қатысты ауқымды даулар туатыны сөзсіз.

«Координаттар жүйесіне келетін болсақ, менің ойымша, ол жер мәселелері бойынша мемлекеттен басқа ешкімге қызықты емес. Сол себепті өздері мониторинг жасап, жер участілеріне барып, сараптама жасау арқылы жүйе жасасын. Жалпы алғанда координаттарды ұсыну күрделендірілген және ол негізінде мемлекеттік қызмет ретінде берілуі тиіс болғанымен  бизнеске ауырпалық түсіреді», – деді «ҚР жобалаушылар ұлттық қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Серік Рустамбеков.

Астана қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары Сұлтан Болат аталған мәселені талқылау барысында жалпы рәсімді қайта қарастыру қажеттігін айтты.

«Орын алған жағдаймен келісеміз, алайда мәселені кешенді қарастыру керек. Яғни, тек мерзімдерін емес, рәсім жүйесін, келісім беру ретін, қажетті құжаттар тізімін қарастыру қажет», – деді Сұлтан Болат.

Айтылған ескертулермен министрлік толық келісті.

«Аталған мәселелердің барлығы дерлік бизнес үшін өзекті. Олармен толық келісеміз және бірлесе қарастыруға дайынбыз. Мәселелерді егжей-тегжей қарастыру қажет. Мерзімдер бойынша міндетті түрде өзгерістер енгізу керек және министрлік бұл мәселені ҰКП және өзге де жауапты органдармен қарастырады», – деді Ерлан Нысанбаев.

Отырыс нәтижесінде мерзімдер бойынша мәселені шешу отырыстың барлық қатысушылары тарапынан қолдау тауып, министрлік мәселені мүдделі мемлекеттік органмен бірлесе шешетіні келісілді. Бизнес артық шығындардан арылады.

Екінші кезекте талқыға салынған мәселе жер учаскілерінің мақсатты қолдану аясын өзгерту болды. Айта келсек, «Атамекен» бірнеше жылдар бойы құнын төлеуде жер учаскілерінің мақсатты қолдану аясын өзгерткен уақытта бизнес субъектілеріне заңнамалық негізде бөліп төлеу мүмкіндігін жасауға тырысуда.

«Қазіргі таңда заң кәсіпкерге жер учаскісін бөліп төлеу арқылы сатып алуға рұқсат береді. Мәселен, 10 жылға бөліп төлеу. Неге жер учаскілерінің мақсатты қолдану аясын өзгерткен уақытта да бөліп төлеуге рұқсат бермеске? Кәсіпкерлердің мойынындағы ауыр жүкті алуға және бизнесті дамытуға ынталандыруға көмек болар еді», – деді Аспена Досмаганова.

Елдос Рамазановтың айтуынша рәсімнің өзін ойластыру қажет. Өз кезегінде уәкілетті орган «Атамекеннің» бастамасын қолдады.

«Аталған уақытта әкімдіктер мен бизнес үшін қауіптерді ескере, механизмдерді егжей-тегжей қарастырамыз. Қолданыстағы рәсімнің артық тұстарын алып тастау арқылы мәселені қарастырамыз», – деді Ерлан Нысанбаев.

ҰКП Құрылыс департаментінің сарапшысы Назира Үсенова жер учаскісін игеру бойынша талаптар бекітілмеген. Сол себепті біріңғай құқықтық негізді қолдану тәжірибесі жоқ. Нәтижесінде, кәсіпкер зардап шегеді себебі жер учаскісін алып алу қауіпі бар, 10 есе артқан жер салығы бар және өз участкісін басқару мүмкіндігінен айырылу мүмкіндігі бар.

«Қазіргі уақытта әділет органында тіркелген ауыртпалық түсіну мәселесі жер учаскісінің иеленушісіне мүмкіндігі болмаған жағдайда жерді өз қалауымен игеруге немесе мүмкіндігі бар басқа тұлғаға сатуға құқығы жоқ», – деді Назира Үсенова.

ҚР Құрылыс салушылар қауымдастығы көтерілген мәселелер бойынша толық келіседі. Талқыға салу нәтижесінде «Атамекеннің» төменде көрсетілген ұсыныстары ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі тарапынан қолдау тапты: құрылыс салуға біржолата бастапқы рұқсат құжаттарымен жер учаскілерін беру мүмкіндігін қарастыру, құрылыс үшін алғашқы жалға берілген жер учаскісін жалға беру уақытын кемінде 3 жылдан кем болмау, ауыртпалық салуды босату бойынша салық және әділет органдарын міндетті хабарлауды жер инспекциясына міндеттеу.

«3 күн ішінде Ауыл шаруашылық министрлігіне байланысты барлы мәселелерді дайындап, ұлттық палатаға жөнелтуді сұраймын», – деді Елдос Рамазанов.

Отырыс нәтижесінде Басқарма төрағасының орынбасары мен вице-министр арасында бірлескен жұмыс істеу бойынша хаттамаға қол қойылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер