astana-view

«Астана» халықаралық қаржы орталығы алғаш рет сауда-саттықты бастайды

2018 жылғы 25 Қаңтар
4783 просмотров

2018 жылы 29 қаңтар мен 23 ақпан аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы сауда-саттық өткізудің түрлі сценариін қолдана отырып, интенсивті тәртіпте сауда-саттық жүйесін тестілеудің келесі кезеңін өткізуді жоспарлады. Осыған орай нарықтың барлық қатысушыларына көрсетілген тестілік симуляцияған қатысу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.

Өзінің сауда интерфейсі бар, бірақ «Астана» ХҚО Биржа модельдеу ортасына қосылмаған қатысушыларға тесттік сауда-саттыққа қатысу үшін Web-Trader веб-интерфейсін уақытша қолдану мүмкіндігі жасалады. Нарық қатысушыларына өз интерфейсін «Астана» ХҚО Биржасының тесттік ортасына қосылу мүмкіндігін міндетті түрде тексеруге кеңес береміз. Себебі бұл нарықтың тесттік симуляциясы үшін өз сауда-саттық интерфейсіңізді қолдануға мүмкіндік береді.

Жауапты қызметкерлердің байланыс ақпаратын i.bektybayeva@aix.kz электронды поштасына жолдай отырып, жүйені тестілеуге қатысуға дайын екендіктеріңізді растауларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының листинг пен сауда-саттық, мүшелік пен ақпараттық ашу ережелері жазылған Ережелер жинағы www.aix.kz ресми сайтында жарияланған.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржы қызметін реттеу жөніндегі комитеті (Astana Financial Services Authority) «Астана» ХҚО қатысушыларын тіркеу, аккредиттеу мен лицензиялауды жүзеге асыруды бастады. www.afsa.kz  сайтында «Астана» ХҚО нормативтік базасын, тіркеу формасы мен жауапті құрылымның байланысын таба аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер