astana-view

Ақтөбе облысындағы апат: салаға түбегейлі өзгерістер қажет

2018 жылғы 29 Қаңтар
9516 просмотров

Заңсыз тасымалдаушыларды қатаң бақылауға алу қажет

Көліктердің тозығы, автобустардың жолаушылармен толмауы, жанармайдың қымбатшылығы, салық, климаттық ауыртпалықтар, нарықтағы заңсыз бәсекелстер кәсіпкер үшін бұл бизнесті табысты ете ме? Тасымалдау саласына лицензия жүргізу қажет пе? Автобустар тозығын кім бақылайды? Тұтынушы мүддесі мен кәсіпкерлер құқығын кім қорғайды? 29 қаңтар күні «Атамекенде» тасымалдаудың бүгінгі негізгі мәселелері талқыланды.

Автобус тасымалдау мәселесін талқылау «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың жетекшілігімен өтті. Іс-шараға  ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті, салалық қауымдастықтар, автокөлікпен тасымалдаушы кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

«Жуырда ғана  Ақтөбе облысында  автобуста 52 шетел азаматы өртеніп, ажал құшқаны тасымалдауда жүйелі мәселелер барын, оларды тез арада шешу керек екенін аңғартты. Бұл дабылдың басы. Мемлекеттік органдармен жедел жүргізілген сараптама нәтижесі көлікпен тасымалдау саласында көптеген олқылықтар бары анықталды. Бүгінде тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау, салықтан босату, автопарктерді жаңарту қажет екені ҚР Инвестициялар және даму бойынша министрі қатысуымен қаралды. Саланы қауіпсіз әрі табысты қылу үшін Кешенді бағдарламаларды бекіту қажет», – деді Елдос Рамазанов.

 Қазақстан автокөлікшілер одағының Басқарма Төрағасы Серік Әлиғұжиновтың пікірінше көлік саласына бақылаудан басқа, саланы дамыту бойынша түбегейлі шаралар қажет.

«Заңсыз тасымалдаушыларға қатысты мәселелрді шешу бойынша жұмыс тобын құру қажет. Жеке тұлға атына автобустарды тіркеуді шектеу керек. Тасымалдау кезеңінде жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші кезекке қойлуы тиіс, ал тәжірибе көрсеткендей жеке тұлғалар бұл міндетті қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар ұсынылып отырған  Автокөлік дамытудың кешенді бағдарламасын бекітуді тездетіп, жүзеге асыру керек, сонымен қатар оның орындалуын қатаң бақылауға алу жөн», – деді Серік Әліғұжинов.

Қазақстан автокөлікшілер одағының бас директоры Сәбит Аманбаев заңсыз тасымалдаушыларына қатысты мәселе де кешенді түрде шешілу керек екенін хабарлады, бұл сұраққа салық салу мен шығындарды субсидиялау да жатқызылуы тиіс.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы «Автобус» жедел-алдын алу шаралар аясында өткізілген негізгі жұмыс туралы хабарлады. Өз кезегінде ҚР  Инвестициялар және даму министрлігі өкілі қолданбақ шаралар жайында айтты.

 «Министрліктің жұмысы шеңберінде ІІМ-нен ҚР Инвестициялар және даму минситрлігінің  көліктік бақылау органдарына бақылау функцияларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде», – деді Автокөліктегі бақылау басқармасының жетекшісі Талғат Оспанов.

 Өз кезегінде осы салада жұмыс істеп жатқан өңір  кәсіпкерлері күнбе күн болатын қиындықтарды айтып, саланы жақсартуға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.  Мәселен, Қазақстан автокөліктік тасымалдаушылар қауымдастығының президенті Ирина Жайсанова жекелеген талаптарды күшейтуді ұсынды.

  «Менің ойымша тасымалдауға берілетін лицензияны алуды қиындату керек, сонымен қатар 12 жылдан асқан көлікті тасымалдаудан шектеу қажет», – деді Ирина Жайсанова.

Ақмола облысының автопарк директоры жүргізуші құжатын беруде жас ерекшелік те назарға алыну керек екенің айтты. Көпшіліктің пайымдауынша орын алған мәселелрдің дені мемлекеттік реттеудің жетіспеушілігінен емес жергілікті өкілетті орган      дардың бақылауы төмендігінен, сонымен қатар тұтынушылар, кәсіпкерлер  тарапынан болатын қоғамдық бақылаудың жоқтығынан орын алып отыр.

«Функцияларды бір министрліктен екінші министрлікке беру жеткіліксіз, лицензияларды тек заңды тұлғаларға беруді ұсынамын. Осылайша кәсіпкер заңды түрде жұмыс істеп, тасымалдауда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Кәсіпкер осылай жұмыс істеу тиімді екенін түсінуі  керек. Заңсыз тасымалдаушылар салдарынан мемлекет салық төлемдері ретіндегі кірістен қағылып отыр», – деді Қарағанды облысы автокөлік кәсіпорындары қауымдастығының директоры Айнитдин Буралкин.

Жиын қорытындысы бойынша заңсыз тасымалдаушыларға бақылауды күшейту және қойылған міндетті ары қарай орындау белгіленді.

 «Жиын қатысушыларын, тасымалдаушыларды жолаушыларды тасымалдау жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды «Атамекенге» жолдауларын және автокөлік саласына қаысты заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысқа белсенді қатысуға шақырамын», – деді Елдос Рамазанов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер