astana-view

Қазақстандық бизнес Еуразиялық экономикалық комиссияның министрімен түйіткілдерді талқыға салды

2018 жылғы 01 Ақпан
8935 просмотров

Алғыш рет «Атамекен» алаңында Қазақстанның бизнес-қауымдастығы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Техникалық бақылау коллегия мүшесі (министр) Валери Корешковпен кездесу өтті.

Бұл кездесуде бизнес өкілдері түйіткілдер бойынша министрдің өзіне сұрақ қойып, күмәндарын сейілтуге ерекше мүмкіндік алды. Кездесу қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақ құру еркін тауар айналымын қалыптастырып, нәтижесінде одаққа мүше елдердің жалпы ұлттық дәулеттілігін арттыру басты мақсаты екендігін атап өтті.

Сол себепті техникалық тәртібті Одақ арасындағы бәсекелестікті шектеу құралы ретінде қолданбаудың маңызы зор. Техникалық тәртіп еркін сауданы шектеп емес, дамуына көмек көрсету құралы болуы тиіс.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүрсінова техникалық тәртіп пен біріктіру стандарттары рөлі туралы сөз сөйлеу барысында сауда жасауға кедергі жасайтын қосымша шарттардың пайда болуына ереше назар аударды.

«Еуразия экономикалық одағының сауда саттығы бойынша жасалған сараптамаға сүйенсек, Қазақстан мен Одаққа мүше өзге елдердің тауар айналымы біздің елге келетін импорт көрсеткіштерінің өсуіне байланысты жақсы дамуда. Одақта бәсекелестік деңгейі өте жоғары, алайда реттеу тәсілдерімен бәсекелестікті шектеуге жол беруге болмайды. Сол себепті серіктестеріміздің техникалық тәртіпте ескерілгеннен тыс қосымша талаптар ойлап табуға ниетті кейбір шешімдері бізді аң-таң қалдырады», – деді Дана Жүрсінова.

Өз кезегінде министр Одақтың біріңғай талаптарына сай келетін өнім Одақтың аймағында еркін айналымда болу қажеттігін және Еуразиялық экономикалық комиссия тараптардың қосымша шарттар енгізбеуіне бар күшін салатындығын айтты.

Валери Корешков Одақтың бүгінгі таңдағы техникалық тәртібі жайында және сәйкестік пен аккредитацияны бағалау саласындағы біріктірудің даму болашағы туралы қысқаша айтып берді.

Бүгінгі таңда 46 техникалық тәртіптің 37-сі күшіне енді. Сонымен қатар, техникалық тәртіптің 13 жаңа жобасы дайындалды және Одақтың техникалық тәртібі өзгерістерінің 28 жобасы дайын.

«Атамекеннің» Техникалық тәртіп департаменті басшысы Тимур Ермекбаев Одақтың қабылдаған техникалық тәртіптерінің бірі де кәсіпкерлік қызмет көрсетудің реттеушілік әсерді бағалау рәсімінен өтпегендігін айтты.

«Қазіргі таңда реттеушілік әсерді бағалау бизнестің ойын ескеретін жалғыз құрал, сол себепті бұл тек формальдық рәсім болмауы тиіс. Кез келген міндетті талаптарды енгізу алдын мемлекеттің, тұтынушының және бизнестің мүдделері ескерілу қажет», – деді Тимур Ермекбаев.

Кездесу барысында электрлік құралдардың энергетикалық тиімділігі, азық-түлік өнімдерін таңбалау және май өнімдеріне техникалық тәртіп енгізу саласындағы міндетті талаптар енгізу мәселесі талқыланды.

«Қазфосфат» ЖШС өкілі ресей тарапынан ұсынылып жатқан жуғыш заттарда фосфаттарды қолдануға тыйым салу біріңғай санитарлық талаптарын енгізу мәселесін көтеріп, аталмыш өзгерістер енгізу алдын тыйым ғылыми тұрғыдан расталып, салдары қандай болатындығы ескерілу қажет екендігін айтты. Бұл тыйымның салдарынан Жамбыл облысының стартегиялық маңызы бар кәсіпорны жабылуы мүмкін.

Автокөлік өнеркәсіпбінің өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі біріңғай техникалық тәртіптің сақталмау фактілері мәселесін көтерді. Кәсіпкерлер Еуразия экономикалық комиссияның техникалық тәртібі мәселелері бойынша нақты жауаптар алды.

Кездесу нәтижесінде қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен түйіткілдер ескеріліп, болашақта Ұлттық палата мен Комиссияның бірлескен жұмысында көрініс табатындығы айтылды. Әрбір мәселе бойынша оңтайлы шешім қарастырылып, кәсіпкерлер тарапына талаптар көбейту орын алмайтындығы айтылды.

Қатысушылардың айтуынша кездесу тиімді әрі кәсіпкерлерді қызықтыратын мәселелердің бірқатарын айқындай түсті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер