astana-view

Атырау кәсіпкерлеріне өрт қауіпсіздігі түсіндіріліді

2018 жылғы 05 Ақпан
- Атырау облысы
6573 просмотров

2017 жылы Атырау облысында 40-тан астам кәсіпорынға өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті кәсіпкерлермен өткен кездесуде хабарлады

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық іс-шаралар бөлімінің бастығы Жасболат Бержановтың айтуынша былтыр облыста барлығы 352 өрт тіркеліп, 7 адам қайтыс болып, 10 адам түрлі жарақат алған. Өрттен болған зардап көлемі 50 млн теңгеден асты.  2016 жылмен салыстырғанда өрт саны 6 пайызға төмендеген.

 «Кездесуіміздіңбасты себебі – бизнес өкілдерәне өрт қауіпсіздігі саласында нормативті-құқықтық актілерді түсіндіру.  Кәсіпорындар мен ұйымар жетекшілері, кәсіпкерлік субъектілер өрт қауіпсіздігін ұстануға, қызметкерлерін қауіпсіздік ережелерін үйретуге міндетті, сонымен қатар кез келген төтенше жағдай туралы бізге хабарлауға тиесілі», – Жасболат Бержанов.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін мазалаған сұрақтарына мамандардан жауап алды. Шара соңында Төтенше жағдайлар департаменті мен Атырау облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнес субъектілеріне оқыс жағдайларды алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын ары қарай жалғастырады деп келісілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер