astana-view

«Атамекен» оқушылардың ерте кәсіби мамандануы жүйесін енгізуді ұсынады

2018 жылғы 12 Ақпан
11948 просмотров

Мұндай шара оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына жол ашады

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев хабарлады.

 Бүгінгі таңда еңбек нарығында «дипломды жұмыссыздық» белен алып, теңгерімсіздік орын алған және білім беру бағдарламаларының мазмұны жұмыс берушілердің қажеттілігіне сәйкес келмейді, салдарынан қазіргі заманғы мамандардың даму сатылары жеткілікті қосымша құнды қамтамасыз етпейді, деп санайды Ұлттық палата өкілдері.

«Жыл сайын 354 мың оқушы мектеп бітіреді, 21 мыңдай азамат орта мектепті бітірген соң не коллеждге, не жоғары оқу орнына түспейді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде барлық оқушылардың 55%-ын ғана жұмыспен қамтиды. Орта есеппен мұндай мамандар жоғары жалақы алмайды. Дәл осындай жағдай жоғары оқу орындарында да бар», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 Мәселені шешу мақсатында «Атамекен» мектеп білім беру бағдарламасында адами капиталды ұтымды пайдалануды ұсынады. 7-сыныптан бастап, балаларды кәсіби бағдарлап, олардың бойында қандай қабілет болса, соған қарай бейімдеу керек. Осылайша оқу үдерісінде балада өзінің жеке даму жоспары пайда болып, бала болашақ мамандықты саналы түрде таңдайды.

  «7-сынып оқушыларының ерте кәсіби мамандануы диагнозын анықтау бойынша пилоттық жобасын жүргізу бастамасы ҚР Білім және ғылым министрлігінде талқыланды, бұл жобаның іске асыруда белсенді атсалысуға дайынбыз. Біз осы тақырып аясында пікірталас барын сеземіз, әрі бұл жұмыстың қажет екенін дәлелдеуге әзірміз», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 

«Атамекенде» оқушылар әлеуетінің терең дамыту құралы ретінде 10 және 11 сыныптарына арналған High School жүйесін қарастырады (мәселен, физика жіне математикалық, биохимиялық, экономикалық, гуманитарлық, лингвистикалық бағыт). Өз кезегінде кәсіпкерлік сектор мұндай мектептерді ашуға Құрылыс нормалары мен ережелері және Санитарлық нормалар мен ережелерді ырықтандыру жағдайында атсалысуға, сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауға дайын. Кәсіби диагностика және High School жүйесі мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандартын түбегейлі өзгертуі мүмкін, алайда Ұлттық палата жоба іске асса, оң әсер болатынына сенімді.

  Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша колледждер бойынша бүгінде 489 мын студенттің 5%-ы ғана дуальды формада оқиды. Дуальді білім беруді жаппай енгізудегі кедергілер экономикалық ынталандырудың болмауынан және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингінің  ашық жүргізілмеуінен туындап отыр.

   Тура осындай жағдай жоғары білім беру жүйесінде де орын алған. Мәселен, 2017 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдары мен ветеринария саласын бітірген түлектер саны 2 345 адамды құрады, ал 2020 жылға дейін бұл мамандарға деген қажеттілік небәрі 2 614 адамды құрайды.

 «Яғни, бір ғана жылы бітірген түлектер санымен  қажеттілікті толығымен жабуға болады, бірақ гранттағыларды жұмысқа орналыстыру 42%-ды ғана құрайды (983 адам) және түлектердің көбі ауылға жұмыс істеуге бармайды. Біз сапалы білімге қажетті шығындарды толығымен қамту үшін грант құнын жоғарылатуды сұраймыз. Бюджеттік мүмкіндіктер шектеулі екені түсінікті, сондықтан грант құнын гранттар санын азайту арқылы көтеруге болады», – деді спикер. 

 Жоғары білім берудегі тағы бір сын-тегеурінді «Атамкекен» ҰКП жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында, сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жүйесінен көріп отыр.

 «Осы екі сын-тегеурінге әсер етудің құралы ретінде «Атамекен» нұсқасы бойынша дайындалған жоғары оқу орындары рейтингін айтуға болады. Бұл Рейтинг негізінде түлектердің жұмысқа тұру мен орта еңбекақысы деңгейі, сонымен қатар жұмыс берушілердің оқу бағдарламаларын бағалауы жатыр. Бұл Рейтинг мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлудің тиімді құралына айналып, университеттер мен талапкерлерге және жұмыс берушілерге арналған пайдалы нұсқаулық болмақ», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ІТ мамандығы бойынша жоғары оқу орындары рейтингін анықтауда атқарылған қыруар жұмыс үшін алғыс білдірді. Министр Ұлттық палатамен бірлескен жұмыс білім беру жүйесін жетілдіруге жол ашатынын айтты. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер