astana-view

Азаматтық авиация мәселелері айтылды

2018 жылғы 12 Ақпан
9494 просмотров

Азаматтық авиация саласы республика үшін маңызы бар сала. Отандық азаматтық авиация мәселелері «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдар комитетінің азаматтық авиация бойынша қосалқы комитет отырсында талқыланды

 Комитет Төрағасы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті Қанат Алпысбаев жиынның күн тәртібін таныстырды. Бірінші кезекте азаматтық авиация бойынша қосалқы комитетінің 2018 жылға арналаған жол картасын бекіту жоспарланды.

Болат Наурызалиев жұмыс жоспарына барлығы 19 сұрақ қамтылған және қажет болса бұл тізімді толықтыруға болатынын айтты.

«Бұл жоспарға тағы екі түйткілді мәселені қосу керек деп санаймын. Бірніші, қосалқы комитет ретінде біз ұлттық тасымалдаушы «Эйр Астана» және әуежайлар арасындағы туған дау жайында пікірімзді жеткізуіміз керек. Бізге саланың шоғырланған көзқарасы ретінде қосалқы комитеттің ұстанымын айту керек. (...) Келесі мәселе – авиакарталарын құру. Әрине жауапкершілік «Эйр Астана» мен ҚТЖ-да жатқаны түсінікті, алайда мәселе тым ауқымды. Саланың барлық мүмкіндіктерін іске асыру керек. Осы мәселелерді шешейік», – деді Қанат Алпсыбаев.

Комитет Төрағасы жоспарға қосымша ашық экономикалық аймақты құру туралы сұрақ неліктен енбегені жайында сұрады.

ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, атап айтқанда Астана мен Алматы әуежайлары салық базасына 0,1% ставкасы бойынша мүлік салығын салу туралы ақпаратты «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ өкілі Альберт Джазыбаев берді.

 «Бұл норманы біз екі жыл бойы өзгертуге тырысып жатырмыз. Біз оны абайсызда қабылданды деп ойладық, алайда жаңа салық кодексінде де норма өзгеріссіз қалған», – деді ол.

 «Бұл норманың қандай салдар тудыратынын дәлелдеп, ары қарай шара қолдану керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.

 ҚР Салық кодексіне ұшақтар құрауыштарын және ақаулы ұшақ құрауыштарын жөндеуге және жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді жөнделгеніне ауыстыру үшін сыртқа (шет елге) шығаруға қатысты өзгерістер мен толытырулар енгізу туралы ақпаратты «SCAT авиакомпаниясы» АҚ вице-президенті Дәулет Хамзин хабарлады.

 «Бұл мәселе бұрынна бері талқыланып келеді. Ұшақ бөліктері мен құрауыштарын жөндеу мақсатында сыртқа шығару және істен шыққан жарамсыз бөлшектерді жаңасына ауыстыру Салық кодексінің 427 және 428-баптарында көрсетілген. Өзгерістер бірнеше рет айтылған, алайда олар 2022 жылдың 1 қаңтарында ғана күшіне енеді. Біз бұл өзгерістер күшіне 2019 жылдан жүзеге асуын сұраймыз», – деді Дәулет Хамзин.

«Эйр Астана» авиакомпаниясы мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері, қосалқы комитет мүшелері әріптестерін қолдады. Қанат Алпысбаев қосалқы комитет деңгейінде бірыңғай ұстанымды шығарып, оны кейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен мақұлдауды ұсынды.

Ары қарай авиакомпаниялар қызметкерлерінің медициналық тексеруден өту үшін медициналық орталық таңдау мәселесі жайын «Казаэронавигация» РМК авиациялық медицина орталығы өкілі Гүлмира Дүйсенбаева айтып берді.

«Осыған дейін медициналық тексерулер үшін  пилоттар міндетті түрде шетелдік медициа орталықтарынан өту керек екені жайында мәселе көтерілген болатын. Естеріңізге салайын, Заңға өзгерістер енгізілген соң біз құрамы 6 адамнан тұратын дәстүрлі комиссиялық тексеруден бас тартып, 2016 жылдың 28 қараша күні біз жаңа модельге ауыстық – пилоттар мен бортсеріктері жаңа ереже бойынша «бір маманнан» медициналық тексеруден өтеді, қызметкерге 5 жылға жарайтын сертификат беріледі. Тексеруден 1 жылда бір рет өту керек, ал бұрын тексеру 3 айда бір жүргізілетін. (...) Мәселе медициналық орталықтардың тапшылығында жатыр,  тексеруден 1 күн ішінде өту мүмкін емес, жалпы процедураға 3-5 кетеді», – деп хабарлады Гүлмира Дүйсенбаева.

 Ары қарай жиын қатысушылары салалық шеңбер әзірлеу және Әуе кодексін әзірлеу қажетлігі бар ма, сала стратегиясын дамытуға қатысты көлігі саласында кәсіби стандарттарды қабылдау жайын талқылады. Шара барасында салада туындаған барлық мәселелер аталған қауымдастықта қарастырылады деген мақсатпен Азаматтық авиация қауымдастығын құру туралы ұсыныс айтылды.  

Жиын қорытындысы бойынша Қанат Алпысбаев комитет мүшелеріне Жол картасына сәйкес сұрақтар енгізіп, оларды ары қарай толықтыруды ұсынды.

Сонымен қатар осы жиында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің Су жолы көлігі бойынша қосалқы комитетінің отырысы өтті, онда қатысушылар мұнайдың төгілуін алдын алу және жоюға дайындықтың ұлттық жүйесін және 2018 жылға арналған су жолы көлігі жоспарларын іске асырудың міндеттерін және орындалуын, қосалқы комитеттің Жол картасын және кәсіптік стандарттарды әзірлеуді және су жолы көлігі саласындағы біліктілік салалық негіздерін қабылдауды қарастырды.

«Каспи теңізі  арқылы филиал бойынша жұмыс істеп жүрген шетелдік кемелерге ҚР «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының ұлттығына қатысты 11-бабына өзгерту енгізу мәселесі бірнеше рет көтерілген болатын. Аталған өзгерістер бірінші кезекте отандық кеме компанияларын қолдау үшін керек. Осы ретте ҚР заңнамасына сәйкес реттеушілік әсер талдауы керек, ал оны жүргізу үшін ҚР Инвестциялыр және даму министрлігі және ҚР Энергетика министрлігі рұқсат берген жоқ. Осыған байлынысты «Атамекен» ҚР Премьер-Министріне 2018 жылдың 2 желтоқсан күні сәйкес хат жібердік», – деді қосалқы комитет төрағасы Николай Юдин.  

Жиында Шерхан Сүгірбеков мұнай құю дайындығын қамтамасыз ету және тарату жүйесіндегі ұлттық қауіпсіздікті жетілдіруге қатысты ақпаратты баяндады.

«Қазіргі уақытқа дейін мұнайды құюға дайындық және әрекет ету мәселесі жер қойнауы және жер қойнауын пайдалу саласындағы бір ғана уәкілетті органның тар бағыттағы қызметі ретінде қаралып келді. Алайда ҚР «Азаматты қорғаныс туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңдарының, сондай-ақ ҚР Экологиялық кодексінің ережесі мен талабын ескере отырып, жауапкершілік саласы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Экономика министрлігі, ҚР ИДМ Көлік комитеті секілді мемлекеттік органдар арасынан да өтетіні белгілі. Осыған байланысты Каспийде мұнай құюға өзара әрекет ету және жедел жауап қату механизмі қажет», ­– деді Шерхан Сүгірбеков.

Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Қанат Алпысбаев аталған мәселеге қатысты пікір білдірді: «Мемлекеттік уәкілетті органдармен және ұйымдармен бірге заңға қосымша актілерді зерттеп, мұнай құюды таратуға жедел әрекет ету бойынша қажетті механизмдерді қалыптастыруды ұсынамын».

Күн тәртібіндегі қорытынды мәселе ­– су көлігі саласында кәсіби стандарттарды дайындау және қабылдау, сондай-ақ салалық шеңберді дайындауға қатысты мәселе туралы «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілері одағының» бас директоры Қанат Әлмағамбетов ақпарат берді.

«Одақ нарықтағы ахуалды жақсарту үшін техникалық, кәсіби білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарында дайындау және оқыту бағдарламасының маңыздылығын арттыру қажет деп есептейді. Қазіргі таңда Одақ сайтында су көлігі саласына қатысты «Теңіз кемелері және ішкі жүзу кемесін жүргізу», «Теңіз кемесі мен ішкі жүзу кемесінің энергетикалық қондырмасын пайдалу» атты  екі кәсіби стандарттың жобасы жарияланды.  Осыған орай кәсіби стандарттарды талқылауда белсенділік танытуларыңызды сұраймын», ­– деді Қанат Әлмағамбетов.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов «Атамекен» әрдайым дайын екенін атап өтті.

«Атамекен» бизнестің түйткілді мәселелерін жедел шешуді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара үйлесімді әрекет механизмін жақтайды. Осыған орай Ұлттық палата өз алаңында осы қосалқы комитеттің отырысында көтерілген мәселелерді талқылауға дайын», –­ деп тұжырымдады Елдос Рамазанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер