astana-view

Беларусьтың типтік жобалары жергілікті талапқа сай емес

2018 жылғы 20 Ақпан
- Қарағанды облысы
5730 просмотров

Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Төлеген Әшімов хабарлады

Бүгінде өңірде бюджет есебінен қаржыландыратын құрылыстың типтік жобаларында жергілікті қамту үлесін арттыруда мақсатты жұмыс жүргізіліп отыр. Алайда түрлі сәйкессіздік мәселесі туындауда.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі жанындағы Құрылыс және құрылыс индустриясы комитетінің төрағасы Төлеген Әшімов мәселе жобалардың сапасында екенін айтты.

«Беларусьтың жаңа типтік жобасы алынды, сол бойынша құрылысты бастады. Біздің темір-бетонды бұйым зауыттарымыз жобада көрсетілген ригель, қанатты арматуралауды өндірмейді», – деп түсіндірді Төлеген Әшімов.

Комитет басшысы амалсыздан Минск институтындағы бұрынғы таныстарына жобаны жергілікті шарттарға қарай өзгерту үшін хабарласқан, алайда бұдан ештеңе шықпады. Сонымен қатар бұл да емес. Қарағанды құрысшылары жобаға сәйкес ресейлік өнімнің материалдарын сатып алуды бастаған, бірақ ол жақ бағаны өсіріп отыр.

«Орын алған жағдайға қарамастан, біз жобаны жіті зерттеуге тырысып жатырмыз. 671 кегіл жіберілген, жұмсақ жабын біздің климаттық жағдайға сай емес», – дер беларусьтық типтік жобадағы көптеген кемшілікті тізбелеуді жалғастырды. Комитет 18 техникалық қателікті анықтаған.

Комитет жыл басынан бері осы мәселені көтеріп келеді, мәселені қазір шешпесе, 2-3 жылдан кейін жағдай тіпті ушығып кетеді.

Қорытындысында комитет жобалаушылармен, мемлекеттік сараптау және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өкілдерімен жеке жиналыс жасауды ұсынды.

Құрылыс басқармасы өз кезегінде жоғарыда айтылған мәселені растады. Олардың айтуынша Астанадағы тұрғын үй институтымен қайта байланыстыру бойынша жөндеуге рұқсат беруге келіссөз жүргізіліп әрі жауабын күту үстінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер