astana-view

Жазалаушыдан – қорғаушыға

2018 жылғы 22 Ақпан
- Шымкент қаласы
8980 просмотров

 Жаңа Салық кодексі адал салық төлеушілерді қорғайтын болады

Шымкентте жаңа Салық кодексі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. ОҚО Кәсіпкерлер палатасы салық органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жаңа салық заңнамасын түсіндіру бойынша аймақтық семинар өткізді. Оның алдында әр ауданда және ауылдық округтерде үлкен түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын.

Өз кезегінде, жаңа форматта үстіміздегі жылдың басынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енді. Ол елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл елдегі ең маңызды қаржы құжаттарының бірін жақсарту үшін жасалды. Ал егер бұрын салық төлеушілердің өмірін қиындатып, жиі жазалау шараларын қолданса, ал қазір онда адал кәсіпкерлерді қорғауға арналған.

«Көптеген артықшылықтар пайда болды. Қазір салық төлеушілерді өз еріктерімен төлеуге ынталандырдырып әкімшілік талаптар оңтайландырылды, – деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Майя Исаева өз сөзінде. – Енді салық саясаты тексеріс санын азайту және тексеру жүргізу критерийлерінің санын азайту мәселесіне басымдық береді».

Салық төлеушілер жылдың басынан бастап салықтық есепке алудағы қателіктерден аулақ болу үшін барлық өзгерістерді зерделеп, өздерін айыппұлдардан және сот ісінен қорғауға тиіс. Бірақ, барлық заңнамалық түзетулерді өз бетінше түсіну өте қиын. Осыған орай, ОҚО Кәсіпкерлер палатасында Бухгалтерлер клубы аясында осындай кездесулер тұрақты негізде өткізіліп отырады, мұнда кәсіпкерлерге басты қаржылық құжатта қарастыратын негізгі жаңалықтар туралы айтылады, түсіндірме семинарлар бейнеоконференция түрінде өткізіледі.

«Біздің міндетіміз – кәсіпкерге шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жаңартылған құжаттың барлық нюанстарын жеткізу. Идеология өзгертілді, енді ол адал салық төлеушінің мүдделерін қорғауға, ынталандыруды енгізу мен әкімшілікті жеңілдетуге бағытталған », - деді Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Ержан Исаев.

Семинарда айтылғандай, жаңартылған кодексті шығарудан бұрын ұзақ мерзімді жұмыстар жүргізілді.


«Кәсіпкерлер палатасы ағымдағы салық заңнамасының шамадан тыс күрделілігіне және оны қайта қарауға бизнес  пікірін ескере отырып, мәселені бірнеше рет көтерді. Қазір ҰКП  дауысы естілді десе де болады. Жаңа Салық кодексін Ұлттық экономика Министрлігі салалық министрліктерімен бірлесіп және «Атамекен» ҰКП-мен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып әзірледі. Бизнес қауымдастыққа ұсынған түзетулердің 83 пайызын ҚР Парламенті Мәжілісі мақұлдады және қабылдады », – деді Майя Исаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер