Ресей аумағында жүк ұрлауға қатысты қылмыстық іс қозғалды
2017 жылдың маусым айында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Глобалинк» Транспортэйшн энд Лоджистикс Ворлдвайд ЖШС Ресей Федерациясының аумағы арқылы темір жол көлігімен жөнелту кезінде жүк ұрлау мәселесімен жүгінген.
Ресей Федерациясының құқық қорғау органдармен ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде 2018 жылдың 25 қаңтарында ҚР Ішкі істер департаментінің Желілік басқармасы Приволжский тергеу басқармасы көлікте контейнерден жүк ұрлау дерегі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 158-бабы 3-тармағы «в» тармақшасы бойынша (ірі көлемде жасалған ұрлық) қылмыстық іс қозғады
Пікір қалдыру:
Пікірлер: