astana-view

ЕАЭО жеткізушілері РФ заңды тұлғаларымен теңдей ресейлік тендерге паритетті қатысу құқығын алды

2018 жылғы 26 Ақпан
4006 просмотров

Ресей Федерациясы ЕАЭО-мүше мемлекеттерден жеткізушілердің (мердігерлердің) жекелеген заңды тұлғалармен бірдей, тауар, жұмыс, қызмет сатып алуларына қатысу мүмкіндігін растады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен шаруашылықты жүргізетін субъектілер жекелеген заңды тұлғалар түрлерімен (мемлекеттік емес сатып алулардың) жүргізілетін тауар, жұмыс, қызмет сатып алу процедураларында ресейлік заңды тұлғалармен теңдей қатыса алады. Бұл туралы 2018 жылы қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссия Ресей Федерациясы Қаржы министрлігіне хабарлады.

РФ Қаржы министрлігі ЕАЭО елдерінің тауар, жұмыс, қызметіне Ресейде өндірілген тауар, жұмыс, қызметпен теңдей басымдық беруді Ресей Федерациясы Үкіметінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі №925 «Шетелдік мемлекетте шығарылатын тауарлар, шетелдік тұлғалар көрсететін, атқаратын жұмыс, қызметке қатысты Ресейде өндірілген тауар, Ресей тұлғаларымен орындалатын жұмыс, қызмет басымдығы туралы» қаулысымен растады.

Мұнымен қоса РФ қаржы министрлігі Ресей Федерациясының экономикалық даму министрлігінің бұған дейін айтқан позициясына (ҚР Экономикалық даму министрлігінің 10.04.2017 ж. № ОГ-Д28-4261 хаты)  сілтеме жасай отырып, аталған позицияны есепке алуға кеңес берді.

Жекелеген заңды тұлғалар түрлерінің сатып алу қызметі 2014 жылдың 29 мамырындағы мемлекеттік және муниципальдық сатып алулар туралы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімшартын реттеу саласына жатпайтынын ескере отырып, аталған басымдықты беру Ресей Федерациясының ЕАЭО ішкі нарығын қалыптастыруға және Одақ бойынша серіктестердің жағдайын түсіну әрекетіне қатысты жүйелі жұмысы екенін көрсетеді.

Анықтама:

2011 жылдың 18 шілдедегі № 223-ФЗ «Жекелеген заңды тұлғалардың тауар, жұмыс, қызмет сатып алулары туралы Федералдық заңына сәйкес, жекелеген заңы тұлғалардың тауар, жұмыс, қызмет, сатып алуларына мемлекеттік корпорациядар, мемлекеттік компаниялар, мемлекеттік (муниципальді) унитарлық кәсіпорындар, табиғи монополиялар субъектілер, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталында Ресей Федерациясының, Ресей Федарациясы субъектісінің қатысу үлесі бар, жалпы алғанда муниципальдық құру көрсетілген акционерлік қоғамдағы еншілес компаниялар мен олардың еншілес компанияларының сатып алуында елу пайыздан асатын, бекітілген жағдайда сатып алулар жатқызылды.

2017 жыл ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің әлеуетті еткізушілерінен РФ Үкіметінң 2016 жылғы 16 қыркүйектеі № 925 қаулысының негізінде Ресей Федерациясында өткізілетін жекелеген заңды тұлғалардың тауар, жұмыс, қызмет сатып алуларына қатысырмауына қатысты өтінімдер түскен.

Мұнымен қоса кез келген қатысушы тапсырыс берушінің әрекетіне 2011 жылдың 18 шілдедегі №223-ФЗ «Жекелеген заңды тұлғалар түрлерімен тауар, жұмыс, қызмет сатып алулар туралы» Федералдық заңының 3-бабы 10-тармағының ережесіне сәйкес сот және (немесе) әкімшілік тәртіпте  шағымдануға құқылы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер