astana-view

Қаржы министрлігі бизнеске бухалтерлік есеп пен аудит заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндірді

2018 жылғы 27 Ақпан
3492 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Қаржы министрлігінің қатысуымен қаржы есептемесі мен аудит стандарттарын қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Іс-шара видео-конференц байланыс форматында өтіп, республиканың барлық өңірлерінен шамамен 50 бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Салық салу департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова ашып, басқосудың басты мәселесін талқыға салуды ұсынды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар бухалтерлік есеп пен аудит саласындағы Халықаралық экономикалық форумның (2017 жылы Қазақстан 99 орын иеленді) жаһандық бәсекелестік индексіндегі «Аудит және есептілік стандарттарын жетілдіру» бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту мақсатымен өткізілетін реформалармен танысты.

«Біздің елде есеп және аудит стандарттары қандай деңгейде екендігін білу мақсатымен сауалнама жүргіздік. Біздің компаниялар басшылары қай бағытта жұмыс істеу қажеттігін, қандай стандарттар қолдану қажеттігін білуі керек. Акцияның өткізілу себебі де осы», – деді ҚР Қаржы министрлігінің бухалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департамент басқармасының басшысы Шапиға Насырова.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің өкілдері төменде көрсетілген мәселелер бойынша жауап берді:

  • «Активтердің құнсыздануы» 36 халықаралық қаржы есептемесінің стандарттары (IAS), «Қорлар» 2 халықаралық қаржы есептемесінің стандарттары (IAS), «Сатып алушылармен келісімдер бойынша сауда түсімдері» 15 халықаралық қаржы есептемесінің стандарттары (IFRS),  «Жалдау» 16 халықаралық қаржы есептемесінің стандарттары (IFRS) сынды халықаралық қаржы есептемесінің стандарттарын қолдану;
  • Кәсіби бухалтерлерді сертификаттауға, олардың біліктіліктерін арттыруға, айырып есеп жүргізуді енгізу, сенімді басқару бойныша есепке байланысты бухалтерлік есеп заңнамасын қолдану;
  • халықаралық қаржы есептемесінің стандарттары мен халықаралық аудит стандарттарының мәтіндерінің соңғы толық аударма нұсқаларын ҚР Қаржы министрлігінің сайтына орналастыру.

 

Өз кезегінде кәсіпкерлер Қаржы министрлігін Ұлттық палата алаңында халықаралық қаржы есептемесінің стандарттарының жаңашылдықтары бойынша семинарлар ұйымдастыруды ұсынды.

Анықтама үшін:

Қазақстанда 2008 жылдан бастап Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС), 2006 жылдан бастап халықаралық аудит стандарттары (ХАС) тікелей қолданылады.

Министрлік ұйымдардың Депозитарийге қаржылық есептілікті және ол бойынша аудиторлық есепті ұсынуына, сондай-ақ оның ҚР заңнамасының, ХҚЕС мен ХАС талаптарына сәйкестігіне тұрақты негізде монитолринг жүргізеді.

Бұдан басқа, 2016 жылы Қазақстан 31 желтоқсан 2018 жылға дейінгі кезеңге Біріккен Ұлттар Ұйымының (ISAR) халықаралық есепке алу стандарттары бойынша сарапшылардың жұмыс тобының құрамына сайланды.

Барлығы үшін бірыңғай міндетті қағидалар бойынша жұмысты қамтамасыз ету шеңберінде аудит саласында бірыңғай нарықты қалыптастыру бойынша ырықтандыру жоспарымен және бухгалтерлік есеп пен есептілікті жасау саласында бірыңғай нарық қызметтерін қалыптастыру бойынша ырықтандыру жоспарымен 2022 жылдан бастап бірыңғай аудит нарығының, 2021 жылдан бастап есептілік пен бухгалтерлік есепті жасау саласында бірыңғай нарық қызметтерінің біртіндеп жұмыс істеуі көзделген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер