astana-view

«Startup Bolashak 3-маусым: Менің Арманым» атты бастауыш кәсіпкерлерге арналған байқау басталды

2018 жылғы 05 Наурыз
5790 просмотров

Биыл  «Болашақ» қауымдастығы көшбасшылық машықтарды дамыту мен бизнес-әлеуетті арттыру мақсатында  бастауыш кәсіпкерлер мен жас мамандарға арналған «Startup Bolashak 3-маусым: Менің Арманым» атты байқаудың үшінші маусымын бастап кетті

Бұл байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы қазақстандық жастар қатыса алады. Жүзеге асыру кезеңі: 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ынтымқастастығы аясында ұйымдастырылды. Жоба серіктестері: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы, «Enactus Kazakhstan» қоры, Тель-Авив университеті достарының қауымдастығы, Кәсіпкерлік білім беру қауымдастығы.

Жоба мақсаты: жас кәсіпкерлердің өмір сүру сапасы стандарттары мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне қажетті алдынғы қатарлы бизнес білім және технологиялар трнасферін арттыруға бағытталған әлеуметтік бизнес бастамаларын қолдау.

 Байқау міндеттері:

  • Жастар арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттау;
  • Жас кәсіпкерлердің кәсіби және тұлғалық дамуына қолдау көрсету;
  • Жас кәсіпкерлерге тәлімгер/ ментормен қамту;
  • Стартап-жобаларды грант бойынша қаржыландыру;
  • Кәсіпкерлікті қолдау құралдардың қол жетімділігін кеңейту;
  • Байқауды жүзеге асыру бойынша бірлескен шараларды ұйымдастыру Жоспарын жүзеге асыру.

Байқау 5 кезеңнен тұрады.

Байқау кезеңдері:

  1. Іріктеу кезеңі;
    1. 1Байқауды жариялау, Өтінімдерді жинау;
    2. 1.2.16 стартап уикендті өткізу. Байқау қатысушыларын іріктеу. Кем дегенде 500 жоба іріктеледі;
    3. 1.3 Базалық ЖОО жанындағы Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталықтарында акселерациядан өту, тәлімгер және менторлармен жұмыс;
  2. Ширек финал. Республикалық стартап уикенд (Астана қ. ). Кемі 100 жоба іріктеледі;
  3. Жартылай финал. Жазғы кубок. Кемі  жоба іріктеледі:
  4. Байқау финалы. Республикалық DemoDay;
  5. Қорытынды кезең. 16 өңірлік DemoDay.

 Іріктеу кезеңдерін өткізу тәртібі:

2-4 ақпан: Павлодарская облысы, Павлодар қ. (Торайғыров атындағы Мемлекеттік педагогикалық университет); 

9-11 ақпан: ШҚО, Өскемен қ.   (ШҚО Мемлекеттік техникалық университет);

16-18 ақпан: Ақмола облысы, Көкшетау қ. (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университет);

19-21 ақпан: СҚО, Петропавл қ. (Қозыбаев атындағы СҚМУ);  

23-25 ақпан: Қостанай облысы, Қостанай қ.  (ҚжНЭУ) 

27 ақпан – 1 наурызҚарағанды облысы, Жезқазған қ.   (Байқоныров атындағы  Жезқазған университеті)

2-4 наурыз: Қарағанды облысы, Қарағанды қ. (Бөкетов атындағы ҚарМУ)

9-11 наурыз: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ. (Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ)

16-18 наурыз: БҚО, Орал қ. (БҚАТУ) 

23-25 наурыз: Атырау облысы, Атырау қ.   (Х. Досмухамедов атындағы мемлекеттік университет)

30 наурыз-1 сәуір: Маңығстау облысы, Ақтауқ. (Ш.Есенов атындағы МТИУ)

6-8 сәуір: Қызылорда облысы, Қызылорда қ.  (Қорқыт-Ата ҚМУ)

13-15 сәуір: ОҚО, Шымкент қ.(ОҚМУ)

20-22 сәуір: Жамбыл облысы, Тараз қ. (ТарМПИ)

25-27 сәуір: Алматы облысы, Талдықорған қ. (ЖМУ)

4-6 мамыр: Алматы қ. (Smart Point) 

11-13 мамыр: Астанақ (МУА)

Тіркелу мына сайттар арқылыwww.bolashak.kz  www.meninarmanym.kz  (өтінімдерід қабылдау өңір бойынша іріктеу кезеңінен кейін 3 күн ішінде жабылады)

Байқау кезеңдері жүргізу механизмі

Іріктеу кезеңі – Байқау қатысушылары стартап уйкендтер мен Байқау ұйыдастырушылары жүргізетін акселерациялық бағдарламаны  өтеді. Базалық ЖООжанындағы Өңірлік Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы Байқау бойынша іріктелген жобаларды тіркеп, жүргізіп отырады.

Байқау қатысушылары:

- Өңірлік стартап уикендтер аяқталған соң Байқау қатысушылары Байқау комиссиясы алдында өздерінің стартап жобаларын таныстырып, қорғайды. Комиссия қорғау нәтижесі бойынша байқау ширекфинал қатысушыларын іріктейді.

-  Ширекфинал қатысушылары Өңірлік Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталықтарынан акселерациялық бағдарламадан өтеді.

 Ширекфинал Астана қаласында Республикалық фестиваль форматында өтеді. Жартылай финалшылар комиссия алдында  өз жобаларын таныстырып, қорғайды. Комиссия қорғау нәтижесі бойынша байқаудың жартылайфинал қатысушыларын іріктейді.

 Байқау жартылайфиналшылары  бизнес лагерь форматында екі апталық оқудан өтеді. Оқу аяқталған соң қатысушылар комиссия алдында  өз жобаларын таныстырып, қорғайды. Комиссия қорғау нәтижесі бойынша байқаудың финал қатысушыларын іріктейді.

 Финал кезеңіне қатысу үшін Байқау лауреаттарын іріктеу Байқау қатысушыларының жобалары мен Бизнес-идеяларын қорғау негізінде жүргізіледі.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер