astana-view

Кейтерингтен хостелге дейін

2018 жылғы 07 Наурыз
- Қарағанды облысы
6303 просмотров

Қарағандыда іскер әйел аурухана кешеніне келушілерге арнап хостел ашты

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік Іскер әйелдер кеңесі қалалық хостелдің ашылу рәсімін жасады

Ұйымдастырушылардың айтуынша облыстық перзентханаға қарама қарсы орналасқан хостел аурухана кешеніне келушілер мен пациенттерге арналған. Хостелді ашып отырған көп балалы ана және ІІ топтағы мүгедек ­– Айгүлім Аяпбергенова. Ол 2015 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен кондитерлік шағын цехке қажетті материалдық-техникалық базаны алу үшін 1 миллион теңге грант ұтып алған еді. 2017 жылы кәсібін ұлғайтып, кейтеринг қызметіне көшкен, яғни аяғы ауыр келіншектерге ыстық тамақ пен босануға қажетті заттарды жеткізіп беруді қолға алған.

«Перзентханаға қарама қарсы орналастық. Босануға және жүктілікті сақтауға келетін аяғы ауыр келіншектер бар. Сондықтан ыстық тамақ дайныдауды қолға алдық. Себебі туыстары әрдайым келе алмайды ғой. Осылайша кетйрингке көштік. Міне енді дамып, 24 орындық хостел ашып отырмыз», - деді Айгүлім Аяпбергенова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер