astana-view

Абылай Мырзахметов: Әлеуметтік бастаманың барлығы түптегенде экономикаға тікелей әсер етері анық

2018 жылғы 07 Наурыз
4090 просмотров

Қазақстан Республикасының Президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін жариялаған болатын. 6 наурызда өткен телекөпірде қоғам қайраткерлері, депутаттар, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма басшылығы қатысып, бастамалардың маңыздылығы мен ерекшелігіне тоқталып өтті.

Кешегі Елбасының әлеуметтік бастамасын тек қоғам мүшелері емес, кәсіпкерлер де шын жүректен қолдауда. Егер, әлеуметтегі қоғам мүшелері  – тұтынушылар ретінде қарастырсақ, тұтынушының көңілі тоқ болса, баспанасы болса, жағдайы жақсы болса, тұрақты қаражаты болса, мұның барлығы кәсіпкерліктің дамуына ықпал етері анық. Бұл арада баспанамен қамту бойынша бірінші бастама жайында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы өз пікірін білдірді.

«Әлеуметтік бастаманың барлығы түптегенде экономикаға тікелей әсер етері анық. Құрылыс болсын, тұрғын-үй ипотекасы болсын, кез келгені қолға алынса, триллионнан астам қаражат жұмсалса, оның 70%-ы қазіргі есеппен, өзіміздің отандық құрылыс материалдар шығарушылар үлесін арттырмақ. Ол мыңдаған компанияларға өндірісін ұлғайтуға жағдай жасайды. 90-шы жылдары қиын кезеңдерде Елбасының халыққа айтқаны: алдымен экономиканы көтерейік, қазір жағдай қиын, экономика аяғына тұрсын, содан соң саяси да, әлеуметтік жағдайды да шешеміз деген болатын», – деді Абылай Мырзахметов.

Ипотека қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Жастардың аяққа нық тұруы үшін ең бастысы баспана керек. Баспанасы бар адам, болашағын ойлайды. Ертең отау құрып, бала шағасын тәрбиелейді. Қазіргі күні көптеген азаматтар баспанасы, айлығы болмаса, отау құрып, еліміздің демографиясын көтеруге қосатын үлесін кейінге қалдыратындығын байқаймыз.

«Ипотека жайында айтатын болсақ, 7%-бен 25 жылға берілетін болса, баспанасы шешілсе, жастардың елге деген партриоттық сезімі, еліне деген құштарлығы, бала-шағасы үшін өмір сүруі, барлығы еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосады», – деді Басқарма Төрағасы.

Демек, салада шешімін таппаған сауалдар шаш етектен. Аталмыш мәселені шешуде Елбасы ұсынған формуласына Қазақстан халқы қолдау танытуда. «7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотекалық несие мөлшерін 7%-дан аспайтын, бастапқы жарнасы 20%-ға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады.

Тұрғын үймен қамтуға байланысты Елбасы айтып өткендей Ұлттық Банк өзі арнайы компания құрып, сол компания арқылы қаражат жүріп отырады. Алғашқы қаражатты инверстиция жасау үшін Ұлттық банк тарапынан ізделінеді.

«Үкімет тарапынан Ұлттық банкпен бірлескен үлкен жиын болды. Осы төңіректерде қалай жұмыс жүзеге асатыны жайында 13 наурыз күні министрліктер нақты механизмді елге айтып, түсіндіреді», – деді Абылай Мырзахметов.

Еске салсақ, Президент салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1% мөлшерлемесінде салық салуды ұсынған болатын. Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек. Осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет. Нәтижесінде елдегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, шамамен, 2 миллионнан астам адамның жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады.

Сонымен қатар, шағын несие көлемін 20 млрд арттыруға қатысты бастамасы бизнес пен қоғам тарапынан қолдау тапты. 2017 жылы жылпы соммасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді. Алайда, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады. 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасы 62 миллиард теңгеге жеткізілмек. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге арттыру жоспарда.

Сараптамаларға сәйкес, елімізді газ өндіру Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард текшемертге дейін артты, әрі қарай да өсе түседі. Қазір ел тұрғындарының 50%-ға жуыға газбен қамтылған. 9 облысқа газ тартылатын болмақ.

http://kaztrk.kz/video/06032018-prezidenttin-5-aleumettik-bastamasy-respublikalyq-telekopir-tolyq-nusqa-29454

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер