astana-view

Білім жоғары бағаланса, жұмыспен қамту тиімді болмақ

2018 жылғы 16 Наурыз
1223 просмотров

«Атамекен»  мен Білім және ғылым министрлігі бірлесе «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бастамасы бойынша жаңа жобаларды қолға алмақ

16 наурыз Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президентінің  «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасына байланысты баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры – Басқарушы директор Олжас Ордабаев, ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК директоры Амантай Нұрмағанбетов, Британ империясы (Британия кеңесі) ордені офицері Лилиана Биглоу қатысты.

Олжас Ордабаев қазіргі таңда Ұлттық палата тарапынан жоғары білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыс жайында айтып өтті.

«Біз жұмыс берушілер одағы ретінде бұл мәселеден тыс қала алмаймыз. Өткен жылы осыған байланысты бірқатар пилоттық зерттеулер жүргіздік. Сонымен қатар, кейбір білім беру бағдарламалары да зерттеу ауқымына кіріп, жұмыс берушілердің көзқарасы бойынша университеттердің әдісі  рейтингін құру бойынша да жұмыс жүргіздік», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры – Басқарушы директоры.

Ұлттық палата өкілі Екі IT мамандық бойынша пилоттық жоба жасалып, нәтижелер жақын арада көпшілік назарына ұсынылатынын мәлімдеді.

«Әдістеме – бүгінгі таңдағы негізгі мәселе. Біздің ойымызша, жұмыс берушілерге жоғары оқу орындарда қабырғаларында студенттер алатын білімнің сапасын бағалауға мүмкіндік беру өзекті. Кәсіби білімнің сапасы, кітапхана қоры, студенттердің деңгейі жұмыс берушілер үшін әрдайым маңызды. Сонымен қатар, негізгі критерийлердің бірі – білім алған жас мамандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші. Екінші критерий – бір жыл көлемінде жұмыс тауып, орташа табыс көрсеткішін анықтау», – деді  Олжас Ордабаев.

Осы екі критерий студенттер жоғары оқу орындарынан алатын білімінің сапасын және өмірлік қажеттілігін анықтаудағы басты ақпарат. Түптегенде басты мақсат болашақ жас мамандардың осы білім мен дағдыларын дұрыс бағытта қолдана алуында. Бұл арада жұмыс берушінің 4 жылдық білімге қандай баға беретіндігі назардан тыс қалмауы тиіс. Аталмыш зерттеулердің нәтижелерін «Атамекен» ҚР ҰКП  ҚР Білім және ғылым министрлігімен талқылап, министрлік тарапы бастаманы толық қолдап және жан-жақты көмек көрсеткендігі белгілі. 2018 жылдан бастап бірлескен үлкен көлемді жоба жоспарда бар екендігін де жасырын емес.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2000-ға жуық білім ордасын тексерді. Пилоттық режимде анықталған ақпаратты салыстыратын боламыз. Мәселен, егер жұмыс беруші берілетін білімді жоғары бағалайтын болса, нәтижесінде мамандардың жұмыспен қамтылуы мен жалақысы жоғары болады», - деп қорытындылады Олжас Ордабаев.

Ақпарат барлық тараптарға тиімді болары анық. Қолға алынған жоба жоғары оқу орындары үшін еңбек нарығы тарапынан тегін кеңес беру іспеттес, себебі нарықтың қажеттілігі, білім бағыты, назарда болуы тиіс тұстар, қажеттіліктер сараланып, анықталатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер