astana-view

Қарызы үшін кәсіпорын директорына ескертпе жасалды

2018 жылғы 29 Наурыз
8390 просмотров

Кәсіпорын кәсіпкерге 2,8 млн теңгеден астам сома қарыз болған

Жамбыл облысындағы  «Таразтрансэнерго» МКК Алматы облысының «Нұрмашева П.» жеке кәсіпкерлігіне шарт бойынша 2,8 млн теңге көлеміндегі қарызын қайтарды. «Таразтрансэнерго» өңір бойынша жылу энергиясын тарататын ірі өндірістің бірі болып табылады.

2017 жылдың қазан айында екі тарап арасында мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасалады. Алайда мемлекеттік кәсіпорын белгісіз себептермен өз міндеттерін орындамады. Іскер әйел «Атамекен» ҚР ҰКП-ға өтінім жасап, сарапшылар кәсіпкерге құқықтық қолдау көрсетеді. Дауды шешу барысында Жамбыл облысының Арнайы ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкердің талап арызын қолдап, мемлекеттік кәсіпорынға 2 871 000 теңге мөлшерінде берешек сомасы, 86,130 теңге айыппұлдар, 29,572 теңге сомасында мемлекеттік баждарды өтеу туралы шешім қабылдады.

Жамбыл облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша міндеттерді уақытында орныдамағаны үшін кәсіпорын директоры Ерік Көшербаевқа ауызша ескертпе жасалған.

Қазіргі таңда жылу беретін компнаия тарапынан болған 2,8 млн теңге қарыз толығымен өтелді. Сәуір айында жеке кәсіпкерлік шотына берешек сомалар мен мемлекеттік баж аударылады деп жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер