astana-view

GLOBALG.A.P. – ауыл шаруашылығы және әлемдік нарық

2018 жылғы 29 Наурыз
2637 просмотров

GLOBALG.A.P. конференциясында ауыл шаруашылығы өнімінің әлем нарығына шығарудың негізгі факторы туралы айтылды

2018 жылдың 26 наурызында GLOBALG.A.P. Халықаралық стандарт – ауыл шаруашылығы өнімін әлемдік нарыққа шығарудың негізгі факторы» атты конференция өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – Қазақстанның сыртқы сауда палатасы және «Қазақстанның Стандарттау және сертификаттау институты» РММ. Жиынға министрліктер мен мемлекеттік орган, бизнес-қауымдастықтар, фермерлік қожалықтар, консалтингтік компаниялар, сертификаттау органдары және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференция ұйымдастырудағы негізгі мақсат - GLOBALG.A.P. стандарты бойынша сертификаттау процедурасының негізгі талаптары және артықшылықтарымен танысу, сондай-ақ алдағы уақытта бәсекелік қабілетті артыру үшін енгізу мүмкіндігін талқылау және әлем нарығында ауыл шаурашылығы өнімдерінің экспорты ауқымын кеңейту.

Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің 5% ауыл шаруашылығы өнімінің үлесінде екеніне қарамастан, ауыл шаршуашылығы мен тамақ өнеркәсібі ұлттық экономиканың маңызды сеткорлары болып саналады. Экономиканың аталған секторында жұмыс істейтіндердің үлесі шамамен 20%, ал жердің 80%-дан астамы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Дегенмен, Қазақстанда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің төрттен бір бөлігі ғана қайта өңдеуден өтеді, қайта өңделген өнімнің негізгі бөлігі импортталады.

2016 жылы экспорт құрылымындағы ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімінің үлесі тек 5,2% болған. Қазақстан бидай, майлы дақылдар, бидай және қара бидай ұны мен ет өнімдерін экспортайды. GLOBALG.A.P., ISO 22000, UNECE секілді халықаралық стандарттарды енгізу әлем нарығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жеткізушілермен бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауда талап етілетін стандарттың бірі – GLOBALG.A.P. Бұл бүкіл әлемде шаруа, бөлшек сауда және тұтынушылардың мүддесі үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық стандарт. Қазіргі таңда GLOBALG.A.P. стандарты бойынша әлемнің 125 мемлекетінде 188 000-нан астам өндіруші сертификатталған.

Конференцияда халықаралық сарапшылар GLOBALG.A.P. стандарты бойынша енгізу және сертификаттау процедурасын таныстырып, GLOBALG.A.P. бойынша біліктілік туралы баяндады. Бұл стандарт ауыл шаруашылығы өнімдерінің жетекші сауда желісі арқылы жаңа нарыққа шығуын жеңілдетеді.

Конференцияға қатысушылар Қазақстанда аталған стандартты енгізу мәселесін, сондай-ақ Орталық Азияда GLOBALG.A.P. стандарты бойынша  қызмет көрсетуді дамыту іс-шараларын жоспарын талқылады. Аталған іс-шара GLOBALG.A.P. хатшылығы мен ынтымақтастықта «Орталық Азияда сауда процедурасын жеңілдету» GIZ бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер