astana-view

 «Бастау» жобасы бизнес-жаттықтырушыларды іздейді!

2018 жылғы 03 Сәуір
4492 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша «Бастау» жобасының жүзеге асырылу ауқымының ұлғаюына орай бизнес-жаттықтырушылар тобы қабылданатыны туралы хабарлайды.

Кандидаттарға қойылатын негізгі біліктілік талаптары:

  • 26 жастан жоғары;
  • Бастапқы бизнес-жобаларды іске қосу, сүймелдеуде тәжірибесі бар, дұрысы ауылдық өңірлерде;
  • Бизнес-жоспарлау, қаржылық үлгілеу, маркетинг негіздері, нарықты зерттеу, агробіліктілік, салық салу, мемлекеттік реттеу шаралары, бизнеспен айналысу негіздері бойынша білімі;
  • Бизнесін енді бастаған кәсіпкерлермен жұмыс тәжірибесі бар, 15-тен 70-ке дейінге адамнан құралған топпен, сондай-ақ жеке адамдармен жұмыс істей білу қабілеті;
  • Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде жеке кәсібін бастаушыларға қаржылай қолдау шаралары туралы білу;
  • Ауылда нарық ерекшелігін және бизнестің негізгі түрлерін түсіну, жергілікті жерде өткізу картасын жасау;
  • Жоғары коммуникативті біліктілік, оның ішінде менторлық немесе коучинг, тыңдаушылармен «кері байланыс» орната білу, РR-қолдау;
  • Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен командалық жұмыс істеу және мемлекеттік органдармен және жоба серіктестерімен бірлесіп жұмыс істеу.

Біз сіздерден күтеміз:

  • Кәсіби тәсіл, жобаға толықтай берілу;
  • Ауылда шағын және орта бизнесті дамытуда белсенді ұстаным мен қызығушылық;
  • Өз білімімен, тәжірибесімен бөлісуге дайындық, сондай-ақ жұмыс барысында үнемі өз біліктілігін дамыту;
  • Лек арасындағы аздаған демалыстарды ескере отырып, оқу жүргізілетін жерде (аудан орталығы, ауыл) әрдайым болу.

Жобадан алатыныңыз:

  • Ұлттық деңгейдегі ауқымды да қызықты жобада жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Қызмет көрсету келісімшарты бойынша тұрақты жұмыс (жоба 2021 жылға дейін есептелген) және кәсіби өсу.

Бизнес-жаттықтырушыларды ашық іріктеу жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:

1-кезең – түйіндеме, мотивациялық эссе жолдау;

2-кезең – бизнес жоспарлау бойынша біліктілікті анықтау үшін практикалық тапсырмаларды орындау; қаржылық үлгі құру;

3-кезең – Жаттықтырушыларға арналған 5 күндік тренингке қатысуға шақырту (алдыңғы кезеңдерден сәтті өткен соң);

4-кезең – мамандар резервіне ену;

5-кезең – жобаға шақырту.

Қызығушылық танытқан жағдайда түйіндемеңізді cvbastau@gmail.com электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз.

«Бастау» жобасы мен үшін нағыз кәсіби сын-тегеурін болды. Жобаға қатысу арқылы бизнес жүргізуде өзімнің тәжірибелік білімімен бөлісуге, оқуға қатысушылардың күн сайын қалай өзгеруін көруге мүмкіндік алдым. Бизнес-жатттықтырушы ретінде қатысқан кезде 188 жұмыссыз және жеке кәсібін енді бастаған кәсіпкерлердің 56-сы өз бизнестерін ашты немесе кәсіптерін ұлғайтты. Жобаға қатысыңыздар, ауыл тұрғындарына бизнестегі әлеуетін дамытуға көмектесіңіздер. «Бастау» кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік береді», – дейді «Бастау» жобасының Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы бойынша бизнес-жаттықтырушысы Қуанышбек Ерниязов.

«Бастау» – 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанның 80 ауданында басталған оқыту жобасы, 2018 жылдан  2021 жыл аралығында 160 ауданды қамтып отырады.

Жобаның мақсаты: Кәсіпкерлік негіздеріне тәжірибелік оқыту, бастапқы бизнес-бастамаларды сүйемелдеу және қолдау арқылы Қазақстанның әр ауданындағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарының білімін арттыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер