astana-view

Қуаныш Бишімов көлік өнеркәсібіне қолдау көрсету шаралары жайлы ой бөлісті

2018 жылғы 03 Сәуір
3811 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов Астанада өткен KIAF ІІІ қазақстандық халықаралық автокөлік форумында автоөнеркәсіп саласын қолдау шаралары туралы айтты.

Қуаныш Бишімов атап өткендей, бүгінде мемлекет мен бизнес тікелей автокөлік жасауды дамытуда ауқымды жұмыс атқарды.

«Кеден бажынан босататын арнайы инвестициялық шарттар мен салықтар бар, сондай-ақ өнекәсіптік құрастыру бойынша келісім де бар, онда құрастыру өндірісін ынталандыруға қатысты арнайы шаралар, бірлесіп қаржыландыру, субсидиялаудың әр түрі қарастырылған, мемлекеттің автотехника лизингі бойынша жеңілдік шаралары да қолданылады. Мұнымен қоса, бүгінде экологиялық таза өндірісті ынталандыру мақсатында көлік өнеркәсібінде өндірушілердің кеңейтілген міндеттері қолданылады», ­- деп атап өтті Қуаныш Бишімов.

Сонымен қатар спикер әлемдік тәжірибеде көлік өнеркәсібі әрдайым жаңа өнеркәсіптің дамуына және жалпы бизнестің өрістеуіне, шоғырландыру, зауыт арасындағы кооперация мен әсіресе сервиске мултипликативті  нәтиже көрсететінін де айтты.

«Атамекен» ретінде біз шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бағытымыз алға жылжығанына мүдделіміз. Бүгінгі көрме арқылы белгілі болды, Қазақстанға Ресей тарапынан да, Қытай тарапынан да қызығушылық бар. Шоғырландыруға, атап айтқанда бір-бірімен байланысқан кәсіпорындардың келешекте жалғаса отырып өрістеуіне технологиялық операцияларды дамыту және осы мәселеде бизнестің жауапкершілігін арттыру ережелерінде қандайда бір өзгерту енгізуге қатысты келісімдерді қайта қарау мәселесі туындауы мүмкін», ­- деді Басқарма мүшесі Қуаныш Бишімов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер