astana-view

Қазақстаннан Өзбекстанға қағаздар заңсыз тасымалдануда

2018 жылғы 04 Сәуір
4346 просмотров

«Атамекен» алаңында отандық макулатураны Өзбекстанға заңсыз тасымалдау тұтас бір саланың жағдайын төмендету қаупі орыналуы мүмкін екені талқыға салынды.  

«Бизнестің ақпаратына сүйенсек, қалпына келтірілген қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар) Өзбекстанға контрабанда арқылы экспортталады. Комитеттің ақпаратына сәйкес 2017 жылы статистика бойынша экспорт 2,4 мың тоннаны құрады. Алайда, Еуразиялық экономикалық одақ алқасының шешіміне сәйкес, 2012 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аймағынан қағазды шығаруға тыйым салу бекітілді», – деп, «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры Арман Мамбетаев мәселенің түйінін айтты.

«Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров мәселеге қатысты толығырақ тоқталып өтті.

«Мәселе біздің өнеркәсіп үшін өте өзекті. Шикізат бар болған жағдайда зауыттар толық қуатта жұмыс істейді. Ал еш бақылаусыз шикізатты тасымалдау жалғасын табатын жағдайда саланың ахуалы күрделене түседі. Қазіргі таңда біз вице-премьер деңгейінде аталған мәселеге қатысты Еуразиялық экономикалық одақ аумағында Қазақстаннан макулатура шығаруға жалпы тыйым салу іс-шараларын жүргізіп келеміз. Өзбекстанға қатысты жағдай мүлдем бөлек. Мемлекеттік кірістер комитетімен егжей-тегжейлі бірлескен жұмыс жүргізуге ниеттіміз», – деп мәлімдеді Батырбек Әубәкіров.

Төрағаның пікінше мәселе Өзбекстанның шикізатты тек алып, дайын өнімді ел аумағына қайта кіргізбейтіндігімен шиелене түсуде. Нәтижесінде стратегиялық маңызы бар шикізат сыртқа жай ғана кетеді.

«БумПром» ЖШС, «Компания В» ЖШС және «Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты» ЖШС сынды салалық компанияларды осы жағдай алаңдатып, кәсіпорын өкілдері өз наразылықтарын білдірді. Жалпы алғанда, бұл мәселе Қазақстанның 12 зауытының жұмысына әсер етуде.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы сұрақтарға жауап беру барысында комитеттің жағдайды өз бақылауында ұстап отырғандығын айтты. Төрағаның айтуынша макулатураның негізгі бөлігі Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарынан заңсыз тасымалданады. Бұл арада төрағаның айтуынша, тасымалдау барысында тиісті ілеспе құжаттардың барлығы бар болған жағдайда кеден қызметі жүкті тоқтатуға құқығы жоқ.

Отырыс нәтижесінде тараптар макулатураға байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен Өзбекстан Республикасымен шекараны күшейтуді талап етіп, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ведомствааралық комиссия отырысына сыртқы сауда саясаты мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан инвестиция және даму саласының орталық мемлекеттік органының тиісті қаулысымен шикізатты шығаруға тыйым салуды енгізу шешілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер