astana-view

Маңғыстау мұнайлы өлке ғана емес, бизнес дамуына қолайлы өңір

2018 жылғы 06 Сәуір
9604 просмотров

Жаңа жұмыс орындарын құру, қол жетімді қызмет түрлері мен шағын несиелеу, тегін білім беру және өз кәсібін ашуға деген жаңа мүмкіндіктер. Atameken.kz өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамыуынпа кім қалай әсер етіп отырғаны туралы айтып береді

 

ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Маңғыстау облысы – мемлекеттің ЖІӨ-не 5,3% салым жасап отырған өңір.

 Бұл аймақтың экономикадағы негізгі салалары мұнай өндіру мен мұнай саласында қызмет көрсету бағыттары болып табылады. Дегенмен, облыста шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына агрокшен, көлік-логистикалық сектор үлес қосып отыр, туризм мен қызмет көрсету саласында да әлеует жоғары.

Бұл мәліметтер жайында сандар хабарлап отыр: мәселен, былтыр кәсіпкерлер саны 2016 жылмен салыстырғанда 410 адамға көбейсе, ал жұмыспен қамтылғандар 3,8 мыңға артты. Биыл кәсіпкерлер саны 2,2 мыңға көбейген, ал жұмыспен қамтылғандар саны тағы 3,0 мыңға өсті. Өсу серпіні айдан анық.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ, ТЕГІН, ЫҢҒАЙЛЫ

Ақтау бизнесі үшін жақсы қолдау ӨКП жанынан құрылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын атауға болады. Бұл қызмет көрсету орталығы Қазақстандағы алғашқы толықформатты ыңғайлы әрі тиімді орталықтардың бірі.  

Мұндай орталықтың артықшылығы қандай? Кәсіпкерлер өздерін мазалаған кез келген сауалмен келіп, мәселесін шешіп кете алады, мұнда «бір терезе» принципі арқылы қызмет көрсетіледі. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында инвесторлармен жұмыс бойынша бөлім қызмет етеді, кеңес берушілер жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, менеджерлер сегіз түрлі қызмет атқарады: салықтық есепті тегін жасаудан бастап, мемлекеттік сатып алу порталында тіркелу және кәсіпорындарына ІТ-қолдау көрсетуге дейін (мәселен, сайтты құрып, жүргізу жұмыстары). Сонымен қатар орталықта жұмыс күннің кез келген уақытында тегін кәсіби кеңес беріледі. Мұнда «Атамекен» шағын несиелеу орталығы мамандары, «ҚазАгроГарант» АҚ өкілдері, 5 жүмыс орнына шақталған салық терминалы, Жұмыспен қамту орталығы,  «Жаңа Серпін» МКМ кеңесшілері қызмет көрсетеді.

 Кәсібін жаңа бастаушыларға арналаған ерекше сервис. КҚО арнайы жабдықталған оқу сыныбында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» құрауыштары бойынша, сонымен қатар кәсіпкерлердің кәсіби деңгейін өсіретін тәжірибелік семинарлар өткізіледі.

Сандарды сөйлетсек, бүгінде облыстық КҚО және аудан орталықтарындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында бизнеске 22 462 қызмет түрі көрсетілген. Тегін түрде! Қазіргі таңда «Атамекен» мұндай толықформатты орталықтарды республиканың барлық өңірінде ашуды көздеп отыр.     

«БАСТАУ» – КӘСІП АШУДЫҢ КІЛТІ

 Маңғыстау облысында әлеуетті кәсіпкерлерді қолдауда ерекше миссия пайда болды. Дәл осы жерде Жаңаөзен қаласында 2016 жылы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арнап «Бастау» пилоттық жобасы іске асты. Бір ай көлемінде 100 қатысушы  ары қарай тәжірибеде қолдану мақсатында бизнес негіздеріне қанықты.

Жоба жай ғана іске асқан жоқ, тіпті 2017-2021 жылдарға арналған  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты мемлекеттік бағдарламаға енді де. Осылайша аталған жоба 2017 жылы республиканың 80 ауданында сәтті жүзеге асып, алғашқы нәтижелерді көрсетті. Нәтижесінде 15 000 қазақстандық тегін оқуға қатысып, 3 мыңнан астам адам кәсіпкер атанып, өз бизнесін кеңейтті.

 Маңғыстау өңірі де қалмай келеді. 2017 жылы «Бастау» жобасына 750 адам қатысып, 150-ден астам қатысушы жеке бизнесін ашты. Кәсіп бастағандардың бірі – Нұргүл Тауманова. Бір ай бойы Нұргүл оқуға қатысты, нәтижесінде сауатты бизнес-жоспар құрды («Атамекен» жоспар құруға да атсалысады) да 4 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие аалады. Бұл қаражатқа әйел кондитер цехын ашты, енді тәтті тоқаштар жергілікті тұрғындардың сұраныса ие болып отыр.

Демек, осы Маңғыстау облысында сәтті басталған «Бастау» қазақстандықтар үшін пайдалы оқу, жеңіл несие, табысты кәсіп ашуда шынайы мүкіндік болды. Бастысы – жан қалауы, мақсат пен өзіне деген сенімділік!

БАНКТЕРДІҢ ШАМАСЫ КЕЛМЕСЕ...

Кепілзат болмауы мен жоғары пайыздар кәсіпкерлерге банктерден несие алмауға кедергі болып жатады. Өз уақытында әлеуетті кәсіпкерлер жеке кәсібін ашуы үшін «Атамекен» елімізде жеңіл несие беретін шағын нсие ұйымдарын ашуды ұсынған болатын.

Бұл идея жүзеге асты! Алғашқы қарлығаш – «Атамекен» шағын несиелеу ұйымы Маңғыстау облысында құрылды. Бастауыш кәсіпкерлер өз жобаларымен осында келді.

 Алғашқы несиелердің нәтижесі ұзақ күттірмеді. Мәселен, облыста алғашқы консерві цехы құрылды. Оны «Карамысов» жеке кәсіпкерлігі ашты. Бизнесменге бұл жоба 50 млн теңге тұрды:  жарты соманы кәсіпкер өзі салды, жарты қаражатты шағын несие ұйымынан алды. Несие тез рәсімделді, бастысы пайызы мен кепілзаты төмен. Бүгінде кәсіпорын өнімі тез сатылып жатыр.

 «Атамекен» шағын несиелеу орталығы құрылғаннан бастап Маңғыстау облысы тұрғындары жалпы сомасы 881,7 млн теңгені құрайтын 141 несие алды. 2017 жылы 394 млн теңгені құрайтын 86 шағын несие беріліп, 207 жаңа жұмыс орны құрылды. «Атамекен» шағын несиелеу ұйымы қызметі қолжетімді әрі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында үлесі айтарлықтай. Өңір қосымша салық түсімдерін алып, ал халық жұмысқа тұрып жатыр!

БАСТЫСЫ – БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ!

Ұлттық кәсіпкерлер палатсының негізгі міндеті – бизенстің құқығы мен заңды мүддесін қорғау болып қала бермек.

Былтырдың өзінде палатаға  сарапшылар көмегіне жүгіну мақсатында 306 бизнесмен өтінім жасады.  Ең өзекті әрі жүйелі мәселелер Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде көтеріледі.  Мұндай кеңестер республиканың барлық өңірінде жұмыс істеп тұр. Талқылауға  Палата өкілдерінен басқа, мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, депутаттар мен журналистер қатысады. Кеңес қарауына түскен мәселелер тез арада шешілетіні сөзімізге дәлел.

 Мәселен, «Онлайн» жеке кәсіпкерлігі жетекшісі  мемлекеттік органмен 52,9 млн теңге сомасында мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасады. Алайда мемлекеттік орган бұл шартты біржақты жойып тастаған, кәсіпкер заңсыздықты айтып, Палатаға шағымданды. Кеңес отырыс нәтижесінде жауапты шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Түпқараған ауданы Таушық ауылының әкімі «Дүйсенқұлова Б.» жеке кәсіпкерлігіне шайхана салып, жүргізіліп тұрған жер учаскісін меншікке аударуға қатысты жасаған әрекетін заңсыз екенін мойындады. Кеңес іскер әйелдің мәселесін оң шешті. Рахат ауылы әкімі «West Mangystau» ЖШС-на кедергі жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Шенді бұл кәсіпкерліктің мемлекеттік сатып алуға заңсыз қатысушы деген талап арызын қайтарып алды.

 Маңғыстау обылсының кәсіпкерлер палатасы биыл барлығы 264 мәселені шешті. Бұл дегеніміз үнемделген қаражат, жүйке және әдетте сақталған жұмыс орындары.

ЖЕР КЕРЕК ПЕ? ОНЛАЙЫН ТАҢДА

Бизнестің өңірде сәтті әрі кедергісіз дамуы үшін «Атамкен» ҚР ҰКП 7 бастаманы жүзеге асыруда. Әрқайсысы – бұл кәсіпкерге қарай жасалған нақты қадам.

Жеті бастаманың бірі – бизнеске бос жер учаскілері жайында онлайын ақпаратты қолжетімді ету және жер учаскілерін инженерлік-коммуникациялық желілерге қосу болып табылады. Мұндай рұқсат кәсіпкерге қайда және қалай жұмыс істеуін тез арада шешуге көмектеседі. Ыңғайлы ма? Әрине.

Маңғыстау облысында онлайн ақпаратты ашық ету бойынша жұмыс шешіліп жатыр. Ақтау және Жаңаөзен қалаларының бас жоспарлары жергілікті әкімдіктердің ресми сайттарында жарияланған. Тұра осындай көрініс Мұнайлы, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау және Түпқаран аудандарында да орын алған. Қазіргі таңда Палата арнайы сайт құру бойынша жұмысты аяқтап жатыр. Бұл сайт арқылы кәсіпкерлер онлайн режимінде техникалық жағдайларды пайдалана алады.

МӘСЕЛЕЛЕР БАР...

Нарықтық қатынастар даму заманында жеке кәсіпкерлікте де бизнестің әдеткі мәртебесінің өзгеруі, оның экономика мен қоғамдағы рөлінің трансформациясы өзекті мәселе болып отыр. Палата өкілдері бизнестің дамуы мен жетілуіне барынша жағдай жасау керек  деген ойда, осылайша сәтті құрылған бизнес әлеуметтік мәселелерді шешіп қана қоймай, ел экономикасы дамуына негіз болады.

Бизнесмендер кәсіпкерлік дамуына әсер етіп жатқан кедергілерді жоюда тиімді шараларды талап етуі әбден орынды. Жергілікті атқарушы органдар қолайлы жағдай жасау арқылы бизнеске көмектесуге дайын екендерін жеткізіп отыр. 

 Маңғыстау облысы кәсіпкерлерін әлі қандай мәселелер толғандырады, оларды қалай бірге  шешуге болады, қандай мәселелерді үкімет деңгейінде көтеру керек осы бағытта 7 сәуір күні талқылау өтеді. Осы күні Ақтау қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, облыс басшылығы, бизнесмендер мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысуымен  Өңірлік кеңес отырыс өтеді.

 Бұл кездесу туралы толық ақпаратты www.atameken.kz сайтынан оқыңыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер