astana-view

Тимур Құлыбаев жұмыс сапармен екі өңірде болады

2018 жылғы 09 Сәуір
2312 просмотров

Бүгін Шымкент пен Тараз қалаларында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Кәсіпкерлердің өңірлік кеңесі отырыстары өтеді.

 Шымкент пен Тараз кәсіпкерлерінің өңірлік кеңестеріне қос облыс әкімдері Жансейіт Түймебаев, Асқар Мырзахметов, Өңірлік кәсіпкерлер палаталары басшылығы, мемлекеттік органдар өкілдері мен бизнесмендер қатысады.

 Жиында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының қорытындысы айтылып, өңірлік бизнестің жүйелі мәселелері қарастырылатын болады.

 Сонымен қатар осы күні аталған қалаларда Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің кездесулері өтпек.

 Толық ақпарат www.atameken.kz сайтында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер