astana-view

«Атамекен» «Мамандар қорын» іске қосуда

2018 жылғы 20 Сәуір
9190 просмотров

«Мамандар қоры» жобасы туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Аппарат жетекшісі Ерназар Сыздық айтып берді

 – Ерназар Файзул-Карымұлы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай жобаны ішкі құрылымында не себепті іске қосып жатыр?

Ешкімге жасырын емес, оны бизнес те растай алады, «Атамекенде» нағыз кәсіпқойлар жұмыс істейді. Әр маман өз саласында қажетті білімі, біліктілігімен еңбектенуде. Ұлттық палатаның ішінде меритократия қағидаттарына сүйеніп, мамандар қорын дамыту дұрыс әрі қисынды әрекет деп санаймыз. Бұл тиімділігі жоғары корпорацияларда жүзеге асып отырған халықаралық тәжірибе. Біз қызметкерлердің кәсібилігін жетілдіруге, олардың маңсаптық өсуіне жағдай жасамақпыз.

–Демек, ең тәжірибелі, ең қабілетті қызметкерлер жаңа лауазымдарға көтеріліп, маңсап жолын жоспарлай ала ма?

Дұрыс, осы ретте мамандар қоры пайдаланылады. Ұлттық палата жүйесіне Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, қауымдастықтар, өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен еншілес құрылымдар кіреді. Болжам бойынша «қорға» 200 әлеуетті басқарушы енеді. Олар кез келген уақытта бос жұмыс орнына – орталық не өңірде болсын тұра алады.

 –Мамандар қорын кім қалыптастырады?

–Қорда тұрған мамандар легі туралы мәлімет автоматтандырылған деректер базасына топталып, сақталатын болады. Деректер базасы түскен өтінімдерге қарай толықтырылып отырады. Мамандарды қабылдау сәйкес талаптар және факторлы-балдық талдау негізінде жүргізіледі. Қор өңірлік және республикалық  екі кезеңнен тұратын болады. Бір сөзбен айтқанда «Мамандар қоры» жобасы қызметкерлердің әлеуетін ұзақ мерзімде Ұлттық палатада сақтауға мүмкіндік береді. Ал қызметкерлердің өзі білімі мен біліктілігіне қарай  жоғарылап, маңсап жолдарын жоспарлай алатын болады.

 –Әңгімеңізге рахмет! Жоба сәтті іске ассын!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер