astana-view

Электронды өнеркәсіп дамуы талқыланды

2018 жылғы 23 Сәуір
3905 просмотров

«Электронды өнеркәсіпті дамыту бойынша жол картасын» ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен бизнес қоғамдастық 20 сәуір күні «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталын дамыту департаментінің атқарушы директоры Олжас Ордабаевтың жетекшілігімен өткен жиында талқылады.

 «Жол картасы» 4 негізгі кезең бойынша жетіледі: кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, технологиялық даму, ғылыми-техникалық қызметті қамтамасыз ету және адами капиталдың дамуы. Сеніммен берілген өнімдер тізілімін құру және оның жұмыс істеу кәсіпкерлер арасында қызу талқыланды. Тізілімді категорияларға бөлу ұсынылды. Атап айтқанда кәсіпкерлер ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сертификаттаушы фирмалар жұмысын бақылауын сұрады.

 «Ірі фирмалар сараптама орталығын құрмай, сертификаттарды алуға тырысады деген ақпарат келеді. Мүмкін Ұлттық қауіпсіздікпен бірлесіп жұмыс істеу керек шығар» ,– деді «Helios Soft» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Серік Бутумбаев.

Орын алған жағдайға байланысты қауымдастық өкілдері қосымша жеке сертификатты енгізуді және тізілімге кірудің басқа критерийлерін енгізу туралы мәселені қарауды ұсынды.

Бизнес-қоғамдастық отандық өнімнің жағдайына алаңдаулы. Бүгінгі таңда республикада киберқауіпсіздік тұжырымы жұмыс істейді. Кәсіпкерлер нарық қатысушылары ретінде импортты алмастыру үдерісіне дайын екендерін жеткізді, алайда мемлекеттік қорғаныстан отандық тауар өндірушілеріне тапсырыс түсіп жатқан жоқ. Кәсіпкерлер сертификаттауды жүргізуді ұсынды, ары қарай мемлекеттік органдарға сырттан сатып алмай, ақырындап өнімді алмастыру ұсынылды.

«Импортты алмастыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Үдеріс іске асқан, біз бірнеше нүктелерде жұмыс істейміз. Талаптар енгізілген, олар қайта қайта толықтырылып жатыр. Бүгінде біздің орган бақылау-қадағалау функциясын алып отыр, жұмыс қызу жүруде», – деді ҚР  Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электронды өнеркәсіпті дамыту департаментінің ақпараттық-коммуникациялық технологяилар басқарамасының жетекішісі Дархан Ахмедиев.

 Мәселені шешу ретінде Еуразиялық Ұлттық университеті Ақпараттық қауіпсіздік және криптология институтының директоры Ержан Сейітқұлов Белорусь тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Көрші ел ресейліктен ерекше стандарттарды әзірледі, соның нәтижесінде отандық өнім алдыңғы қатарға шығып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

«Бізге барлық мемлекеттік органдар мен өнімдерге таралатын тізілім қажет. Осы бағытта тығыз жұмыс істеуді ұсынамын, осылайша бизнесте мәселе туындамайды», – деді Олжас Ордабаев.

Тараптар Жол картасындағы барлық шараларды жақсы жүзеге асыру мақсатында тұрақты түрде жұмыс кездесулерді өткізуге келісті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер