astana-view

Қаладағы өрт: сауда орталығы өрт қауіпсіздігі тексеруінен өтті

2018 жылғы 24 Сәуір
5203 просмотров

Қазақстанда сауда – ойын-сауық орталықтарына жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде

Елімізде өрт қаупі жоғары санатқа жататын сауда – ойын-сауық орталықтары мен көпшілік жиналатын басқа да нысандарға жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп жатыр.

24 сәуір күні Астана қаласындағы «Keruen City» сауда орталығы Төтенше жағдайлар қызметімен бірге нақты уақыт режимінде өртке қарсы жаттығу жұмыстарын өткізді.

 Сағат 11:00-де орталықта өрт дабылы қағылды. Барлық лифтілер мен эскалаторлар тоқтатылды, ал дауыс зорайтқыш арқылы «Шұғыл сыртқа шығуларыңызды сұраймыз!» деп хабарлама айтылды. Осы мезетте барлық өрт жағдайында сыртқа шығудың қосымша қақпалары ашылды. Орталықта мұндай 11  қақпа бар: 8 апаттық және 3 негізгі қақпа.

 Өрт дабылы берілген соң сауда – ойын-сауық орталығының қызметкерлері нұсқаулыққа сәкес келушілерді сатыларға қарай бағыттай бастады. Орталықтың артқы жағындағы алаңда арнайы беблігінің қасында орталыққа келушілер мен қызметкерлдер жинала бастады.

 Ары қарай өрт ошағын сөндіру операциясы жалғасты. Өртті бірінші болып сауда орталықтың өрт қызметкерлері байқаған. Екі ер адам қорғаныс киімінде өрт құбыршегін ашып, отты сөндіруге кіріседі.

 Сценарий бойынша екінші қабатта орналасқан бутиктің бірінде өрт шыққан. Өрт машиналары 5 минут ішінде келді. «Keruen City» ортылығының бір артықшылығы – машина тұрағы негізгі шығу жолдардан 5 метр қашықтықта орналасқан, бұл жайт өрт машиналары жұмысын жеңілдетеді. Өрт ошағын 10 өрт қызметкері сөндіре бастады, қалған құтқарушылар орталық қызметкерлерін 4-ші қабаттан терезе арқылы сыртқа шығара бастады. Өрт рөлін қызыл жалаулар ойнады.  

Айта кетелік, бұл жаттығуларға кез келген ерікті: БАҚ өкілдері, блогерлер, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысты. Олар сауда ортылығында жүргізілген жаттығуға және орталықтың төтенше жағдайға дайындығы деңгейін бағалай алды.

«Атамекен» бизнес өкілдері мен халық қоғамдық бақылауға көбірек сенім артатыны жайында мәлімдеген болатын. Мұндай тексерулерге қатыса отырып, жұртшылық өзінің құқықтық білім деңгейін көтеруге мүмкіндік алады. «Атамекеннің» пікірінше, елімізде тұтынушылар құқығын қорғау саласын дамыту маңызды.

«Keruen City» орталығының бас инженері Жарқын Жамболатов нысандарды тексеру барысында сауда орталығы былтыр өрт қауіпсіздігі жүйесін толық жаңартқаны жайында хабарлады.

 «Жаттығулардың қорытындысы бойынша бес бұзушылық анықталып, оларды түзету тапсырылды. Барлығы дереу түзетілді, осылайша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің тексеруінен өттік», – деді Жарқын Жамболатов.


 Бүгінде Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент жоспарланған 972 тексерудің 851-ін өткізді. Ережелерді бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұлдардың жалпы сомасы 16 млн теңгені құраған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер