astana-view

Талдықорғанда тұңғыш рет іскер әйелдер саябағы ашылды

2018 жылғы 25 Сәуір
- Жетісу облысы
5209 просмотров

Жасыл алаң орталық парк аумағында бой көтерді

Облыс орталығында орналасқан “Жастар” бағында іскер әйелдердің саябағы пайда болды. Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен ашылған жасыл алаң қалалық әкімдік тарапынан қолдау тапқан. Алдағы уақытта кәсіпкерлер көріктендіру жұмыстарын қолға алмақ.

Бүгін бөлінген 20 сотық алаңда өңірдегі бизнес-ханымдар оннан астам түспежапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызды.

Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Римма Салықованың айтуынша, шара әйел кәсіпкерлігінінің танымалдылығын арттыруға, өңірдегі әйел басшылардың беделін жақсартуға бағытталған. Сонымен бірге, бастама өткен жылы “Атамекен” ҚР ҰКП-ның бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеруге мақсатталған “Атамекенім” акциясына да орайластырылды.

“Жақын уақытта осында ландшафт дизайнерлерін шақырып, саябақтың көркін жақсарту бойынша шараларды бастауды жоспарлап отырмыз”, - деді Римма Салықова.

Еске салсақ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі 200-ден астам әйел кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшыларын біріктіріп отыр. Жалпы Алматы облысында кәсіпорындардың 42%-ін әйел азаматтар басқарып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер