astana-view

Медициналық өнімдер мен дәрі-дәрмектерді қолдану туралы заңға енгізілген өзгерістер жайында бизнес өз ойын білдірді

2018 жылғы 26 Сәуір
4531 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Медициналық өнімдер мен дәрі-дәрмектерді қолдану мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобаны талқыға салу бойынша дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 25 сәуірінде «Атамекен» алаңында «Медициналық өнімдер мен дәрі-дәрмектерді қолдану мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобаны талқыға салу бойынша дөңгелек үстел өтіп, іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» көпшіліктік емес ақционерлік қоғам, Шаруашылық жүргізуге құқылы Республикалық мемлекеттік ұйым «Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығы», «СК Фармация» ЖШС, фармацевтика саласының субьектілерінің қоғамдық бірлестігі, «Даму ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС және өңірлік фармацевтикалық қауым қатысты.

«ҰКП алаңында өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі, салалық қауымдастықтар, ірі жұмыс берушілер мен бизнес-қауымдастықтардың қатысуы арқылы бірнеше рет талқыға салынған заң жобаның ережелері Мәжіліс қарастырылуына ұсынылды. Нәтижесінде бизнестің көптеген ұсыныстары қабылданды. Мәселен, дәріханалар тәжірибесіне қажетті стандарттарды өтпелі кезең арқылы енгізу, фармацевтикалық өнімдерді бақылау жүйесін енгізуде нормаларды алу, дәріханада және де өзге орындарда дайындалатын дәрі-дәрмектерді бюджеттік қаражатқа алу мүмкіндігін беру және т.б. Қазіргі таңда GxP стандарттарын енгізу және баға реттеу мәселелері өзектілігін жоғалтқан жоқ», – деді отырысты ашқан сөзінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Ал, «Еуразиялық медициналық қауымдастық» Заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Ермек Ясылов фармацевтика секторы қауымдастықтарының мүшелері 2021 жылы GMP, GDP, GPP стандарттарын бір уақытта енгізу, сала мамандарына дәрінің бағасын көрсету қажеттілігінсіз ақпараттық құжат ретінде қазақстан ұлттық формуласын анықтау сынды басты ережелерге мән беретіндігін айтты.

«Дәрі-дәрмектерге шекті баға бекіту орынсыз екендігіне мән бергім келеді. Себебі дәрілердің көптігі, сипаттамаларының күрделілігі құнын бекіту барысында бағалаудың әділдігіне күмән келтіреді. Сонымен қатар, осы сынды әділ бағалау механизмі тіпті уәкілетті органда жоқ», – деді Ермек Ясылов.

Елдің фармацевтика саласының нарығы ірі өзгерістер дәуірін кешуде, алайда, барлық мүдделі тараптар мен қатысушылар оларды енгізуге ұмтылмайды.

«Стандарттарды сәтті енгізуде қолданыстағы сапаны бақылау жүйесінен сапаны қамтамасыз ету жүйесіне ауысу Жол картасы қажет. Себебі жаңа жүйеде фармацевтика нарығының қатысушыларын ынталандыру шаралары, заңнамалық өзгерістер, GMP, GDP, GPP куәліктерін беру және лицензиялау мәселелерін ретеу, сапаны бақылау жүйесін оңтайландыру, дәрі-дәрмек қауіпсіздігінің сәйкестігін мағлұмдау, нарықта бар дәрі-дәрмектерді сараптау сынды шаралар қамтылады», – деді «Фармацевтикалық өнімдердің дистрибьеторлар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Наталья Гунько.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Иван Клименко GxP енгізу едәуір қаржылық шығындарға алып келетіндігі, нәтижесінде дәрілердің бағасының жоғарылауы болатындығына назар аударды.

«GxP енгізу едәуір қаржылық шығындарға алып келетінді, нәтижесінде дәрілердің бағасының жоғарылайтындығы анық. GxP стандарттарына ауысу ерікті өткізілуі қажет және ол үшін фармацевтика нарығының қатысушыларына бедел қалыптастыруды ынталандыру жүйесін дамыту керек», – деді Иван Клименко.

Өңірлерден отырыс қатысушылары жоғарыда аталған мәселелерге байланысты белсенді талқылау жүргізіп, әсіресе шетелде оқытылған мемлекеттік органның және ведомстваның өкілдері өңірлерде аталмыш сала бойынша мамандарды оқыту ұсынысы жиі айтылды.  

Медициналық сақтандыру жүйесі аясында қосымша төлмдер енгізу талқыға салынған мәселенің бірі болды. Осы сынды тәжірибенің Польшада енгізілгендігі туралы Наталья Гунько егжей-тегжей айтып, оның барлық басымдылығы мен қауіпті тұстары айқындалды.

«Атамекен» 2015 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу тәсілдерін әзірлеу барысында МӘМС қорымен емделушінің қосымша төлем жасау механизмін енгізу мәселесін қолға алу және жүзеге асыру ұсынысын бірнеше рет айтқан еді. Қазіргі күнге дейін аталмыш мәселе шешімін тапқан жоқ. Сол себепті, мәселеге назар аударып, қолға алу үшін жұмыс тобын құрып, мәселені жан-жақты қарастыру мүмкіндігін жасау қажет деп санаймыз», – деді Юлия Якупбаева.

«Даму ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС Сапаны бақылау және дамыту қызметінің басшысы С. Березин DMED кешенді медициналық ақпаратық жүйесінің жұмысын қатысушыларға таныстырып, дәрі-дәрмектің барлық түрін рецептсіз беру және емделушілердің өзін-өзі емдеу мәселелерін шешудің механизмі ретінде қолдануға болатындығын айтты.

Отырыс нәтижесінде Юлия Якупбаева дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларын заң жобаға байланысты жөнелтілетіндігін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер