astana-view

Алматы еліміздің жалпы ішкі өнімінің 5-бөлігін қамтамасыз етеді 

2018 жылғы 03 Мамыр
- Алматы қаласы
7447 просмотров

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қолдау әрі оның мәселелерін шешу бойынша 2017 жылғы жұмысының қорытындысы және 2018 жылдың басым бағыттары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай , Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуар Қошмамбетов , аппарат басшысы Нұрлан Қабыштаев спикерлер ретінде қатысты.

Бүгінде Алматы еліміздің жалпы ішкі өнімінің 5-бөлігін қамтамасыз етеді, мемлекеттік бюджетке салық және салық емес түсімнің төрттен бір бөлігінен астамын да осы қала қамтамасыз етеді. Шағын және орта бизнес қала экономикасының – 34%-ын, салық түсімдерінің 50%-ын, көтерме және бөлшек сауда операциясының 40%-дан астам көлемін құрайды. 2017 жылдың 9 айында Алматының жалпы өңірлік өнімі 7 трлн 94 млрд теңге болды жне осы соманың 85%-ын сауда және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етті. Бүгінде Алматыда шағын және орта бизнестің 173 мың субъектісі бар. Әрбір жұмыс істейтін 7-азамат ресми түрде жеке бизнесте еңбек етеді, - деп Алматы қ. ӨКП директоры Бағдат Телебай айтты.
Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҚР ҰКП 5 бастамасын жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Қазіргі таңда 5 бастама шешілді:

  • Жеручаскелері, бас жоспар, жобалық-сметалық құжат туралы ақпаратты онлайн алуды қамтамасыз ету және инжернерлік-коммуникациялық желілерге қосылу; 
  • Сауда мен қоғамдық тамақтандыруға бос орындар бөлу (жер учаскелерін бөлу ережесі бекітілді, байқау комиссиясы құрылып, аукцион өткізілді);
  • Консультативті-кеңесші органдардың қызметін жетілдіру (23 консультативті-кеңесші органға бизнестің 50% қатысуы қамтамасыз етілді); 
  • Сатып алуларда жергілікті үлесті қамтамасыз ету (типтік регламент және жергілікті үлесті бақылау комиссиясының құрамы бекітілді);
  • Әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативі, аймақтық инвестициялық орталық, шағын қаржы ұйымдарының өңірлік даму институттарының рөлін күшейту (микронесиелік қаржы ұйымын құру туралы ұсыныс енгізілуде).

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алдына бірқатар әлеуетті міндет қойылған, оның негізі кәсіпкерлік құқығы мен заңды құқығын қорғау болып табылады. 2017 жылы және биыл Палатаға кәсіпкерлердің құқығын қорғауға қатысты 306 өтінім түскен, оның ішінде 175 өтінім (жалпы сомасы 1,8 млрд теңге) оң шешілді.Палата қызметкерлері қатысқан сот талқылауында кәсіпкерлердің пайдасына 7 сот актісі шығарылды. Қолдау көрсетуде негізгі мәселенің бірі – отандық тауар өндірушілерді қолдау: әкімдік қаулысымен Жергілікті қамту үлесін бақылау комиссиясы құрылды. 2017 жылдың қортындысы бойынша 5,7 млрд.тг сомасындағы импорттық тауар қолданған 12 ереже бұзушылықты анықтады. Бүгінде Палата сайтында мемлекеттік сатып алулар мен «Самұрық Қазына Контракт» АҚ сатып алуларының жылдық жоспары салынған. Мұнымен қоса, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік палаталар өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын паспорттаудың бірінші кезеңін өткізді, - деп директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуар Қошмамбетов айтты.

Айта кетсек, Кәсіпкерлер палатасында Алматы қаласы бойынша 2 Кәсіпкерлерге қызмет көртесу орталықтары жұмыс атқарады. Осы жерде барлық кәсіпкерлерге көптеген жұмыстарына қатысты кеңес және жобаға демеу таба алады. Толық консультативтік қолдау көрсету және жобалардың сүймелдеу Палатаның фронт-кеңсесі болып табылатын 2 Кәсіпкерлерге қызмет көсрету орталығы арқылы жүзеге асырылады (Гоголь көшесі, 111 және Достық даңғылы 160). 

2017 жылы 7322 қызмет қамтылды, жылдық жоспарда 6037 ШОКС қызмет көрсету – 4364, яғни 2017 жылы қызмет көрсету жоспары 167,78 % болды. 2018 жылдың І тоқсанында 2226 қызмет қамтылды, қызмет көрсетудің жылдық жоспарында 1954 ШОКС – 4364. Осылайша 2018 жылға қызмет көрсету жоспары бірінші тоқсанда-ақ 51,01 %-ға орындалды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік ынтасы бар азаматтарға оқыту жобаларын өткізу аясында «Бизнес-Мектеп» құрауышы бойынша 2017 жылы 17939 адам оқытылды, 2018 жылдың І тоқсанында – 382 азамат білім алды. Жобалық оқыту бойынша 2017 жылы 30.6 млн теңгеге 21 бизнес-жоба тіркелді және іске қосылды, Бизнес-Мектептен өткен 72 кәсіпкер екінші деңгейлі банктерден 130.8 млн.теңге қаржы алды, оның ішінде 41 - 2017 жылы тіркеліп, жаңа кәсіпорын ашқан кәсіпкерлер. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша биыл І тоқсанда 10 кәсіпорын құрылды, - деп аппарат басшысы Нұрлан Қабыштаев айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер