astana-view

«Атамекен» ҚР ҰКП Съезі шақырылатынын хабарлайды

2018 жылғы 05 Мамыр
17982 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) ҚР ҰКП Төралқасы Съезд шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. 

ҚР ҰКП Съезі 2018 жылы 21 маусымда сағат 15.00.-де Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52, Тәуелсіздік сарайында өтеді.

Съезд қатысушыларын тіркеу 2018 жылы 21 маусымда сағат 14.00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.  

Съезге қатысушының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.

 

Күн тәртібі:

  1. ҚР ҰКП қызметінің нәтижелері бойынша жыл сайынғы есеп және даму стратегиясын нақтылау туралы;
  2. Өтпелі кезеңнің аяқталуына қатысты кейбір мәселелер туралы;
  3. Міндетті мүшелік жарнаны төлеудің кейбір мәселелері туралы;
  4. ҚР ҰКП Төралқасы жекелеген мүшелерінің өкілеттігінің мерзімінен бұрын аяқталуы және оларды сайлау туралы;
  5. Тексеру комиссияның кейбір мәселелері туралы;
  6. ҚР ҰКП Басқармасының өкілеттік мерзімін бекіту туралы;
  7. Тағы да басқа мәселелер.

 

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша материалдар съезге қатысушылардың электронды мекенжайына съезд өткізілетін күнге дейін қосымша жолданатын болады.

Анықтама алу үшін келесі телефон нөмеріне хабарласуға болады: +7(7172) 91-93-00, 1432


Еншілес ұйымдар

Серіктестер