astana-view

Атырауда 68 кәсіпкер «көлеңкеден» шықты

2018 жылғы 14 Мамыр
- Атырау облысы
5607 просмотров

Атырау облысы Мақат ауданында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өткізген түсіндірме жұмыстары нәтижесінде 68 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді

Мақат ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Асылбек Әбілғазиевтің айтуынша салық органдарында тіркелмеген кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарды үнемі жүргізіледі.

 «Осы жылдың төрт айы ішінде ӨКП филиалы кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету аясында тіркелмеген кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша 116 адамға кеңес берілді. Нәтижесінде 68 адам салық органдарына барып, жеке кәсіпкер болып ресми тіркеуден өтті. Бұл 5 шаштараз, 28 бөлшек сауда өкілі және жолаушы тасымалымен айналысатын 35 адам», – деді Асылбек Әбілғазиев.

 Айта кетелік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың нақты санын анықтау мақсатында скрининг өткізген болатын. Нәижесінде ресми сатистика мен скрининг қорытындысы арасында 5 есе айырмашылық байқалған. 89% жұмыссыз жасырын табыс табады, 2 156 кәсіпкер ресми тіркелмеген. Скрининг қорытындысы бойынша палата қызметкерлері Сарығаш ауданы бойынша 253 бизнес-жобаны іске асыруға қосымша 47 бағытты анықтады. Бұл бағыттар өңір сұранысына қарай негізделген. Оларға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамматар жұмылуы мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер