astana-view

«Аға сеньорларға» Түркия сарапшылары тартылады

2018 жылғы 16 Мамыр
3075 просмотров

2018 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП шетелдік инвесторларды «Аға сеньорлар» жобасына тарту мақсатында Түркиямен жұмыс істейтін болады

Осы мақсатта Ұлттық палата «Donmez» компаниясымен шарт жасады.  

Айта кетелік, «Атамекен» ҚР ҰКП 2016 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Аға сеньорлар» атты құрауышының операторы болып табылады. Осы уақыт ішінде Канада мен Германиядан келген білікті сарапшылар Қазақстанның 115 кәсіпорнында миссияларды жүзеге асырған болатын. Шетелдік мамандар екі апта аралығында өндіріске жаңа технологияларды енгізу және бизнесті жақсартуға байланысты кеңестер берді. Нәтижесінде «аға сеньорларды» шақырған компаниялар өз жұмыстарында айтарлықтай жетістікке жетіп, дамудың жаңа деңгейіне шыққан.

 Биыл экономиканың басымдыққа ие секторында жұмыс істейтін 64 кәсіпорынға шетелдік сарапшыны тарту көзделіп отыр.

 «DÖNMEZ» – Түркияның жетекші бизнес-мектептерінің бірі. Мектептің бизнес-семинарлар, корпоративті тренингтер, бизнесті жүргізу және еуропалық технологияларына сәйкес көшпелі бағдарламаларды өткізу бойынша тәжірибесі мол. Бағдарламаларға еуропалық ірі компаниялардың жетекші сарапшылары тартылған, олар теориялық сабақтан бөлек, практикалық фунукциялау үдерісімен де таныстырады. Компанияның Еуропа және ТМД елдері бойынша филиалдары бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер