Қазақстан бизнесмендері отанық өнімді халықаралық көрмеде таныстырды
14-16 мамыр күндері Шанхайда China International Food, Meat and Aquatic Products Exhibition 2018 көрмесі өтті
Іс-шараны Қытайдың сапа бақылауы, инспекция және карантин бас басқармасы ұйымдастырды. Көрмеге 30 мемлекет, 2000-нан астам өндіруші қатысты. Шанхайда Қазақстанның атынан «Молпродукт» ЖШС («Coppa Italya» балмұздағы), «Кублей» ЖШС (ет өнімі, жартылай дайындалған фаюрикаттар, консервілер), «Аян» ЖШС (макарон өнімдері мен ұн), «Eurasian Foods corporation» ЖШС, «Отырар групп» ЖШС қатысты.
IV халықаралық көрмеге қатысушылардың айтуынша ауқымды шараға қатысу арқылы шетелдік өндірушілер мен қытай нарығына отандық өнімді таныстыруға мүмкіндік берілген. Сонымен қатар бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпіліс болды.
Анықтама ретінде:
China International Food 2018 – азық-түлік, ет және теңіз өнімдері қойылатын халықаралық іс шара. Халықаралық шараны Қытайдың сапа бақылауы, инспекция және карантин бас басқармасы мен Қытайдың Сауда министрлігі мақұлдап, қолдау көрсетеді. Бұл көрме шетелдік өнімдер мен компаниялары Қытай аумағында таратудың кәсіби платформасы саналады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: