astana-view

22 мамыр күні Шымкентте Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтеді

2018 жылғы 17 Мамыр
- Шымкент қаласы
3073 просмотров

22 мамыр күні Шымкент қаласы Rixos Khadisha қонақүйінде Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтеді

Іс-шараны мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялардың қолдауымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Сыртқы сауда министрлігі және Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырып отыр.  

Форум аясында екіжақты сауданы кеңейту, отандық экспортты жетілдіру және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру мақсатында В2В форматында өзбек кәсіпкерлермен түрлі келіссөздер жүргізу бойынша екіжақты кездесулер өтеді.

 Барлық мүдделі тараптарды форум жұмысына қатысуға шақырамыз. Форумға қатысу тегін.

 Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумына тіркелу мына сілтеме арқылы жүзеге асады:

 https://goo.gl/forms/wx5MHgbsnv3GcsoM2

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер