astana-view

Геологиялық сала қосалқы комитетіне жаңа басшы тағайындалды

2018 жылғы 21 Мамыр
3987 просмотров

«Атамекен» Төралқасы Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің Геологиялық сала қосалқы комитетінің төрайымы болып Галина Баймаханова сайланды

Ұлттық палатада «Атамекен» Төралқасы Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитеті Геологиялық сала қосалқы комитетінің алғашқы отырысы өтті. Жиында Қосалқы комитеттің төрайымы ретінде бірауыздан «Өндірістік геологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депатуты Галина Баймаханова сайланды.

Галина Александровна Баймаханова: 2012 жылдан бастап қазіргі таңға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Қазақстан Халықтық коммунистік партия ОК мүшесі, ҚХКП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы, «Халықтық коммунистер» фракциясының мүшесі, «Қазақстан халқының ассамблеясы» депутаттық тобының мүшесі.

2015 жылдан бастап – қоғамдық бастамада «Өндірістік геологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ президенті.

2016 жылдың наурыз айынан – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология және жер қойнауын пайдалану мәселесі жөніндегі комитеттің хатшысы, Қазақстан Халықтық коммунистік партия ОК мүшесі.

Қазақстан Республикасының Құрметті кен барлаушысы.

Геология және арнайы жоғары (геологиялық) білім беру мәселелеріне қатысты 40-тан астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбек жазған, «Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері» оқулығының авторы.

Жиында Галина Баймаханова күн тәртібіндегі мәселелерді көтеріп, геология саласын өндіріс, ғылым және маман дайындаудың біртұтас салалық жүйесі ретінде қайта жаңғыртуды ұсынды.

«Біздің салаға жекелеген жұмыс түрлерін жүргізу, оның бағалық құны бойынша ұлттық стандарттар, нормативті-нұқсаулық материалдары мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар қажет.  Салаға ұлттық маман дайындау стандартына сәйкес білікті мамандарды дайындау және қайта оқыту жүйесін әзірлеу керек», – деп атап өтті Галина Баймаханова.

Қатысушылар алдағы уақытта геологиялық саланы дамытудың барлық маңызды мәселесі «Атамекен» Төралқасы Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитеті Геологиялық сала қосалқы комитетінде қаралатынын атап өтті. Қабылданған шешімдер жұмысты жетілдіру үшін ҚР Үкіметіне, құзырлы және уәкілетті орындарға беріледі.

Дәл осы күні «Атамекен» алаңында «Атамекен» Төралқасы Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің жиыны өтті.

Комитет мүшелері ҚР Экологиялық кодексінің жаңа Тұжырымдамасына берілетін ұсыныстарды таныстырып, талқылауға салды.

Тау-кен саласының өкілдері экология заңнамасын жетілдіру контексінде және ҚР Экологиялық кодексінің жаңа нұсқасын дайындауда негізін қалайтын бағыттар ретінде салада қол жетерлік үздік технологияны қолдануды ынталандыру, эмиссия мониторингін автоматтандыру, қалдықтарды, оның ішінде техногенді минералдық түзілістерді қайта өңдеу назарға алынады.

«Жер қойнауы туралы кодекске енгізілген нормалар экологиялық заңнаманың реформаламай тиімді болмайды және техногенді минералды түзілістердің ауқымды көлемі мен қайта өңдеуін қамтамасыз ете алмайды», – деп есептейді Комитет Төрағасы Николай Радостовец.

Осы шараларды жүзеге асыру үшін Беларусь Республикасының тәжірибесіне терең зер салу ұсынылды. Онда аталған реформа бойынша айтарлықтай даму мен қозғалыс бар. Баяндамашы келтірген мәліметтерге сүйенсек, Беларусь Республикасында кәсіпорынды үздік технологияны енгізуіне ынталандыру механизмі 2009 жылдан бастап қолданылады, қоршаған ортаға ауыртпалықты азайтуда тиімділігін көрсеткен: ластайтын заттарды тастау көлемі 1990 жылы 1 жылда 3 402 мың тоннадан 2016 жылы 1 жылғы қалдың 1 244 мың тоннаға дейін азайған.

Комитет отырысының күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – қара металл сынығы мен қалдығы нарығына сараптама жүргізу қажеттілігі. Қазақстанда қара металл сынығы мен қалдығын тасымалдауға 4 жыл бойы тыйым салынды және 8 рет енгізілді, дегенмен әрбір тарап бұл шараның тиімділігіне күмәнмен қарайды.

«Біз үшін түсініксіз мәселе жоқ. 10 жыл бұрын қандай металл сынығы бар екенін шешіп алғанбыз. 10 жыл бойы ішкі тұтынушылық 1,5 млн болғанда салағв 3-3,5 млн тонна жүктеме артылды. 4 жыл бойы тыйым салғанына қарамастан, салық кодексінде ауқымды өзгеріске қол жеткіздік, саланы, оның ішіне сынық ағынын, ең бастысы, 100 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандарды тұтастай заңдастыруға мүмкіндік береді», – деді «Қайталама металлургия өнеркәсіпшілері республикалық одағы» Қауымдастығының төрағасы Владимир Дворецкий.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов аталған мәселе ұзақ уақыттан бері Ұлттық палата алаңында консенсус таппағанын атап өтті. Алайда үнемі келіссөздер жүргізу арқылы айтарлықтай қозғалыс бар.

«Бұл мәселе түрлі алаңда бірнеше рет көтерілді, ал бүгінгі талқылауымыздың өзі тараптардың байланыс орнатуға дайын екенін көрсетеді. Ұлттық палата «Қайталама металлургия өнеркәсіпшілері республикалық одағы» Қауымдастығының өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды заңдастыруға бағытталған заңнамалық бастамаларды жүзеге асыру  бастамасын қолдайды. Аталған шаралар металлургиялық зауыттарды шикізатпен қамтамасыз етіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін арттырып, бюджет табысын көбейтіп, саланың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік беруі керек», – деп атап өтті басқарма мүшесі Елдос Рамазанов.

Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары Максим Кононов Астана қаласында 19-22 маусым күндері 25-рет өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресіне дайындық туралы баяндады.

Дүниежүзілік тау-кен конгресінде әлемнің бірнеше елінен келген тау-кен өнеркәсібі және аралас салалардың озық сарапшылары баяндама жасайды. Тау-кен металлургия институттары, сервистік компаниялар мен жеткізушілер аталған саладағы зерттеулерді таныстырады. Ұйымдастырушылар 50 мемлекеттен 2000-нан аса делегат қатысады деп болжап отыр.

Елдос Рамазанов тау-кен өнеркәсібі саласындағы маңызды шара екенін әрі Конгресс ұйымдастырушыларына Ұлттық палата қолдау көрсететінін атап өтті.

Анықтама ретінде:

Дүниежүзілік тау-кен конгресі – тау-кен қазу өнеркәсібіндегі ауқымды шара, 1958 жылдан бері 2-3 жылда бір рет тұрақты өткізілетін әлемдік маңызы зор оқиға. Әлем елдерінің тау-кен саласында жұмыс істейтін мамандары мен ғалымдарын біріктіреді. Ұйымдастырылып отырған уақыт аралығында конгреске қатысатын мемлекеттердің саны 10-нан 49-ға дейін артқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер