astana-view

ІТ-компаниялар «Цифрлы Қазақстан» дамуына үлес қосады

2018 жылғы 30 Мамыр
- Ақтөбе облысы
5425 просмотров

Ақтөбе қаласы мен облысы мектептерінде тегін ІТ-сыныптары ашылып жатыр.

Бұл «Нұр Отан» партиясының мемлекеттік органдар, әкімдіктер, мемлекеттік емес ұйымдар, бизнес-қоғамдастықпен бірге ұйымыдастырып отырған республикалық ауқымдағы ірі жобасы. Жоба ІТ-саласындағы білікті мамандар қолдауына зәру. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында партияшылар осы сала өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Өңірлерде білікті ІТ-мамандарына деген қажеттілік сезіліп жатыр. Бұл мәселе жайында Ақтөбенің ІТ-компаниялары өкілдері айтты. Осы саланың шамамен он маманы «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптар» әлеуметтік жобасын іске асыру шараларын талқыға салды. «Нұр Отан» партиясының бұл жобасын «Атамекен» ҚР ҰКП қолдап отыр. Жоба аясында республика бойынша балаларды бағдарлау мен ІТ-машыққа баулитын 1000 тегін сынып ашылмақ.

 Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Хайдар Ілиясовтың айтуынша бұл жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын дамытуға айтарлықтай үлес болады.

  «Ақтөбе бойынша ІТ-сыныптар 20 мектепте ашылады. 8-і – қала мектептерінде, 12-сі – аудан мектептерінде. Сыныптар №21, 9, 55 мектептерде ашылып үлгерді. Ертең №56, 61 мектептерде ашылады деп жоспарланған. Жоба ұйымдастырушылардың пікірнше мектеп жасынан бағдарламалауға машықтанған балалар келешекте жақсы ІТ-мамандары болады, осы буын Қазақстан экономикасы салаларын трансформациялауға үлес қосады. Оқыту үш модуль негізінде жүреді. Оларға алгоритм құрылымдары, бағдарлама және WEB-сайт құру үйретіледі. Барлық сыныптар демеушілер есебінен жабдықталатын болады. 16 жастан жоғары жасөспірімдерді ІТ-орталықтарында оқытады. Ол жерде қысқа мерзімде компьютерлік сауаттылықты меңгеріп шығуға болады», – деді «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыру-бақылау бөлімі жетекшісі Әлишер Мәжіт.

Осы ретте партияшылар ІТ мамандарын ынтмақтастыққа шақырды. Бірінші кезекте олардың біліктілігі мен кәсіби білімі оқыту үдерісінде, кіші сыныптарға оқытатын бейне-материалдар мен вэб-бағдарламаларды дайындауда керек болады.

 ІТ саласында жұмыс істейтін бірқатар компаниялар жобаға үлес қосуға ынта білдірді. Мәселен, «STEM center Aktobe» ЖШС маманы Артур Иманқұлов бір топ оқушыны оқытуды жоспарлап қойды.

 

«Барлығымызға білікті мамандар керек. Бұл еңбегіміз ІТ мамандарының жаңа легін дайындауға қосқан үлісіміз болсын. Келесі кездесулерде өзара тиімді байланыс орнату жайын талқылайық», – деді Артур Иманқұлов.
 

 «Маған веб-сайттарды әзірлеу бойынша жоба қызыты. Өз тарапымнан оқытуға, тәжірибе бөлісуге дайынмын. Информатика мұғалімдерін де оқыту артықтық етпейді. Бастысы жақсы жабдық пен белгілі бір интернет бағдарламаларға қол жетімділік керек», – деді «Актобе -ИНФО» ЖШС Елена Фадеева.

Кездесуді қорытындылай келе қатысушалар бастапқы кезеңде бәріне ортақ WhatsApp құруды жөн санады. Онда талқылау жұмыстары жүргізілмек. Өз кезегінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Нұрлыбек Мұканов ІТ қоғамдастыққа саланы дамыту үшін не қажет екенін ойлауды ұсынды.

 «Сала мәселелерін анықтау, саланы дамыту, жаңа шешімдерді табу мақсатында бірінші кезекте компаниялар Қауымдастыққа бірігу керек. Мамандарды сапалы дайындау, корпоративті өзінді сана-сезімді қалыптастыру, сондай-ақ ІТ саласын басымдыққа ие бағыт деп тану арқылы экономика дамуына үлес қосылады», – деді ӨКП директоры.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер