astana-view

Сапа байқауында қалай жеңуге болады?

2018 жылғы 06 Маусым
- Павлодар облысы
4156 просмотров

Павлодарлық кәсіпкерлерге үздік өндірушілер мен сапа саласындағы басты байқаулар жайында ақпарат берілді. Өз кезегінде кәсіпкерлер байқауларға қатысып, өнімдерінің жоғары мәртебесін дәлелдемек.

Палодарда ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы бойынша оқу семинарлары өтті. Іс-шараға 30-дан астам жергілікті кәсіпкер қатысты.

 ҰКП сарапшысы Мәдина Мұқатованың айтуынша аталған байқауларда павлодарлық үздік тауар өндірушілер жыл сайын жақсы нәтиже көрсетіп, өңірдік намысын қорғап, сапа менеджменті саласында жетістікке кеңеліп келеді.

 Байқауларға тауар өндіретін әрі қызмет көрсететін шағын кәсіпкерлер де, заңды тұлғалар да қатысып отыр. Семинар қатысушыларына байқау құжаттарын дұрыс рәсімдеу, байқаулар шарттары мен ережелеріндегі жаңашылдықтар түсіндірілді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге сапа саласында өткізіліп келетін халықаралық байқаулар туралы ақпарат берілді.

ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Әмір Байысов биыл байқауларда өзгерістер барын хабарлады. Мәселен, «Алтын Сапа» байқауында жаңа аталым пайда болды. Ол аталым бойынша ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімін шығарушылар бағаланады. Қатысушылар жалпы төрт аталым: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарлары және /немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» бойынша бақ сынасады. Сыйлықтар мына категориялар бойынша шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субъектісі деп беріледі.

  Бұған қоса байқауда тағы екі қосымша арнайы сыйлық бар: «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба». Өндірушілерді байқауға қатысуға ынталандыру шаралары енгізілуде. Бұл «Алтын сапа» байқауының әр лауреатына қарастырылған  1 млн теңге көлемінде ақшалай қолдау.

 «Байқаулардың мақсаты – жергілікті тауар өндірушіні қолдау, оны тауар және қызмет көрсету сапасын жоғарылытуға ынталандыру, отандық тауар өндірушілер брендін қалыптастыру болып табылады. Павлодарлық кәсіпкерлер байқауларға зор ынта білдіріп отыр. Биыл облыстың 50 шақты кәсіпорны «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына қатысады», – деді Әмір Байысов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер