astana-view

Мәжілісте «Атамекеннің» 5 жылдық жұмыс қорытындысы талқыланады

2018 жылғы 06 Маусым
2121 просмотров

7 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінде сағат 11:00-де (конференц-зал, А 235, 2-қабат) депутаттар «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездеседі.

Кездесуге Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, Қазақстан Республикасы Президенті өкілдігі және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылары қатысады.

Күн тәртібіне «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 5 жылда атқарған жұмысының қорытындысы шығарылады. Бизнес-климатты жетілдіру, адами капиталды дамыту, бизнес жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша баяндамалар жасалады деп күтіледі. Кездесу алдында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып отырған жобаларды таныстыру жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер